Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы



Pdf көрінісі
бет85/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      102-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы
 
               уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті
 
               мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
 
      1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметін 
реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында 
көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып 
табылады.
 
      2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
 
      1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері 
бойынша тергеп-тексеру жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасайды;
 
      2) тергеп-тексеру жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы 
шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастама жасау жөнінде ұсыныстар 
енгізеді;
 
      3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері 
бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;
 
      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы 
ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік 
органдарымен келіседі;
 
      5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану мәселелері 
бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
 
      6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл 
жасайды;
 
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге 
асырады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет