тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы
актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүргiзiледi.
7. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), тасымалдау,
сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу
мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар
етпестен жүргiзiледi.
8. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектiлерде немесе
субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан
тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi
тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге
асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы акт тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн
жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден
едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.
9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк
органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент заңды тұлғалардың
құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркеместен жүзеге асыратын
бейрезидент заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулердi қоспағанда, осы
Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: