және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
2) облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері,
шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары;
3) қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық,
қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық,
қалалық, аудандық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық
бірлестіктерінің филиалдары береді.
3. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде заң жобасының
тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе)
толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келiспеу себептерiнің
негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар заң жобасының
тұжырымдамасына, нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi
қосымша болып табылады.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата
заң жобасының тұжырымдамасы немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша
ескертпелері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңестің мүшесі
сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың
өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңестің мүшелерін тікелей
шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: