көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару
тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
8-бап. Адал бәсекелестік
1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды
мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым
салынады.
Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.
2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс
істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан
Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін
қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: