Қазақстан Республикасының Кодексі



бет5/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бірiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

76-бап. Тәрбиелік ықпал ету шаралары

1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:

1) заңды түсіндіру;

2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;

4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.

2. Кәмелетке толмаған балаға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді.

4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган, егер осы Кодекстің 703-бабының 1-тармағында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.

 

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.

2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөніндегі мiндеттердi жүктеуден тұрады.

3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.

4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудiң белгiлi бір нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бір уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкін. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

 

78-бап. Ескіру мерзiмдерi



Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескіру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.

79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм

Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  9-1-тарау өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



9-1-тарау.

Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

 

79-1-бап. Ұрып-соғу

Тән ауруына ұшырататын, бірақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

79-2-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 79-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 79-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



79-3-бап. Денсаулыққа зиян келтiру

1. Денсаулыққа зиян келтiру, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бір жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкімшілік қамауға әкеп соғады.

2. Денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру-

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру



Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  79-5-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер

1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:

бірге тұратын немесе тұрған;

некеде тұрған;

бұрынғы ерлі-зайыптылар;

жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсініледі.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 79-6-баппен толықтырылды



79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару

Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

Ерекше бөлім



 

10-тарау.

Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

80-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға кедергi келтiру

Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 81-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)

81-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Лауазымды адамның тiлді бiлмеу желеуімен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу - ескерту жасауға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



82-бап. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу

Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 83-бап өзгертілді



83-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу

Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкіметі шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсіздiгi, егер бұл қылмыс жасады деген айыптаумен байланысты болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 83-1-баппен толықтырылды

83-1-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң қызметiне кедергi жасау

Қоғамдық бірлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергi жасауы, сол сияқты лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, осы бірлестiктердiң заңды қызметiне олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын араласуы -

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 84-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі қол жеткізілетін ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 84-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)



84-1-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары және (немесе) жарақтары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол әрекеттер -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары және (немесе) жарақтары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Меншік иесінің, оператордың немесе үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамауы -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

1. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарғa жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әрекетті жасау, егер бұл денсаулыққа орташа ауырлықта немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін болса және бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - лицензиядан және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензиядан айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензиядан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



85-1-бап. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы

1. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-2-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



85-2-бап. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік заттарды өткізу ережелерін бұзуы

1. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік заттарды өткізу ережелерін бұзуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 85-3-баппен толықтырылды

85-3-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету

Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттіліксіз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтi жария етуi -

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



86-бап. Қылмыс жасады деген кінәлілік туралы мәліметтердi тарату

Істі сот қарағанға дейін немесе ақтау үкімі болған кезде адамның қылмыс жасады деген кінәлілігі туралы мәліметтерді көпшілікке тарату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.04.12 № 215-IV ҚР Заңымен мазмұн 86-1-баппен толықтырылды



86-1-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жария ету

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау және (немесе) тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 86-2-баппен толықтырылды



86-2-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді жария етуі

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, −

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 87-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 87-бап өзгертілді



87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

1. Осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, —

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -

лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіске дейiнгi мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -

лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпістен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруы -

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Каталог: cont
cont -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
cont -> Замандастар көзімен
cont -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
cont -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
cont -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
cont -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
cont -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет