«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы



бет3/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,09 Mb.
#26856
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰЙҒАРЫМ - (Правовое распоряжение) -мемлекеттік ерікті білдіретін биліктік бұйрық (жарлық, әмір). Аталған бұйрық қоғамдық қатынастарды жалпыға бірдей немесе жеке адамды міндетті жүріп-тұру нормаларын құқық субъектілерінің тиістілеріне түжырымдап беру арқылы реттейді.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ - (Воздействие права) - құқықтың әлеуметтік болмысқа, санаға және адамдардың жүріс-тұрыстарына тұтастықта алынған және әр алуандық сипатта әсер етуінің барысы (процесі).

ҚҰҚЫҚТЫҚ ФИКЦИЯ - (Правовая фикция) - болмаған жағдай. Заң арқылы болды (орын алды) деп танылғандықтан жалпыға бірдей міндетті болып кеткен өмірде болмаған (орын алмаған) жәйт, хал-ахуал.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЕКТЕУ - (Правовое ограничение) -контрсубъектінің мүдделерін қанағаттандыру және қоғам мүдделерін сақтап күзету және оларды қорғау үшін жасалған заңға қайшы әрекетті құқық арқылы тоқтату.

ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҒЫ - (Демократизм права) - халық билігі, бостандық, тендік, туыстық, әділеттілік және құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастарда жауаптылық идеяларын нақты түрде қамтамасыз ету және оны заң арқылы орнықтыруды білдіретін құқық қағидаттарының (принциптерінің) ең маңыздыларының бірі.

ҚҰҚЫҚТЫҢ КҮШІ (ӘРЕКЕТ ЕТУІ) - (Действие права) - қоғамдық қатынастарға қатысушыларға реттеушілік (арнайы заңдық жолмен), акпараттық — психологиялык (дәлелді), тәрбиелік (идеологиялык... — педогогикалык) және әлеуметтік ыклал етулерде, оның (құқық күшінің) накты түрде жүзеге асырылатын кабілетін сипаттайтын құқықтың мазмұндық өзгермелі жағы.

ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗГЕРМЕЛІЛІГІ - (Динамизм права) - қоғамдық қатынастардың өзгеріп жаңаруларына, әлеуметтік байланыстардың нығаюы немесе әлсіреулеріне, әлеуметтік байланыстардың жаңаларының пайда болуы мен әртүрлі қызметтер аясындағы олардын ескіріп тоқтатылуына жауап ретінде құқықтың да дәлме-дәл өзгеріп жаңғырып отыруының сайма-сай келуі.

ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - (Ценность права) - коғамның, мемлекеттің әртүрлі топтар мен жеке адамдардың мүдделерін жүзеге асырудағы кұқықтың әлеуметтік ерекше реттеуші ретінле оң (дүрыс) болып келетін іс жүзіндегі маныздылығы.

ҚҰҚЫҚТЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІ (ТИІМДІЛІГІ) - (Результативность права) - құқық нормаларын қолданудың нәтижелері мен сол нормаларды кабылдағанда қол жеткізіледі деген әлеуметтік мақсаттар арасындағы қатыстылыктар.

ҚҰҚЫҚТЫҢ ТӘРБИЕЛІК ФУНКЦИЯСЫ (ҚЫЗМЕТІ) - (Воспитательная функция права) - демократиялык жолмен қабылданған заңдарды құрмет тұтатын, өздерінің мінез-құлық, жүріс-тұрыстарында құқықтық ұйғарымдарды қолданып жүретін, құқық колдануды дайындап шығаруда белсенділік көрсететін азаматтарды (тұлғаларды) құқық аркылы қалыптастыруды құқықтың тәрбиелік қызметі дейді.

Превентивтік (алдын алу) шаралары ретінде құқықтың жасайтын ықпалы мен әсері құқықтың тәрбиелік кызметінің кұрамдас бөлігі болып табылады.



ҚҰҚЫҚТЫҢ ІЗГІЛІГІ - (Гуманизм права) - құқық қағидаттарының (принциптерінің) ең маңыздыларының бірі. Ол адамды ең жоғары құндылық деп тану арқылы оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, тұлғалық қадір-қасиетін адамдар арасында шынайы ізгілік (иманды) қатынастарында жан-жақты және еркін даму жағдайларын қолдап отыруды қамтамасыз етуден және оларды баянды етіп орнықтыру ісінен көрінеді.

ҚҰРАН - (Коран) - ислам дінін тұтатын мұсылмандардың басты қасиетті кітабы. Бүл кітап діни-догматтық, мифологиялық және құқықтық мәтіндердің жинағы.

ҚЫЛМЫС - (Преступление) - кінәлі, қоғамға қауіпті, қылмыстық заңдар арқылы жазалану қаупімен тыйым салынған әрекет (әрекетсіздік).

ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ - (Должностные лица) - үйымдастырушылық және өкілдік қызметтер атқаратын тұлғалар. Лауазым иелерінің құқықтық жағдайының бір ерекшелігі - олардың өкілдігі өздері қызмет атқарып жүрген мекемелері, кәсіпорындары немесе ұйымдары шеңберлерінде жүзеге асырылады.

Бұл өкілдіктердің лауазым иелерімен қатынастары қызмет жөнінен бағынышты болып келетін қызметкерлерге, сондай-ақ оларға тікелей бағынышты органдарға да таралады.



ЛОББИЗМ - "ыкпал тобының" өз дегендеріне көндіру формасы. Мұнда белгілі бір әлеуметтік құрылымдардың мүддесін көздеудің барысында аталған "ықпал тобы" қүқық шығармашылығымен айналысатын адамдарға (түлғаларға), сондай-ак құқық қолданушы органдарға, тұлғаларға өздеріне пайдалы шешімдер қабылдатуға тырысып бағады.

ЛОКАЛЬДЫҚ (ЖЕРГІЛІКТІ) НОРМАТИВТІК АКТ - (Местные нормативные акты) - мекеменің, кәсіпорнының және ұйымның әкімшілігі қабылдаған нормативтік акт. Мұндай акт ұжым ішіндегі қатынастарды осы құрылым шегінде реттеуге бағытталады.

МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚ - (Материальное право) - құқықтық нормалар, институттар, салалар мен салашалар жиынтығы. Осыларды қолдану арқылы мемлекет коғамдық қатынастарға тікелей ықпал жасайды. Және де осылардың көмегі арқасында субъектілерге өздерінің материалдық мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндіктер (құкықтар беріп, міндеттер жүктеп) тудырады.

МӘЖІЛІС - (Мажилис) - Қазақстан Республикасының Пар-ламентінің бір Палатасы. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің ерекше қарауына мына мәселелер жатады: заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; Президенттің үсынуымен Республиканың Орталык сайлау коммиссисының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін сайлау және қызметтен босату; Президенттің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын тағайындау; Республика Президентіне қарсы мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу мәселесін қарау. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады.

Мәжіліс Төрағасы Парламент сессияларын ашады, Палаталардың бірлескен кезекті отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектен тыс отырыстарына төрағалық етеді.



МӘСЛИХАТ - (Маслихат)- Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Мәслихаттың қарауына мына мәселелер жатады: аумақты дамыту жоспарлаларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; өздернің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; мәслихат құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынща жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау; маслихаттың тұрақтық комиссияларын, басқа да жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау; заңдарға сәйкес азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

МЕМЛЕКЕТ - (Государство) – қоғамда тәртіптің болуын қамтамасыз ететін және жалпыға бірдей міндетті нормаларды шығаратын, белгіленген жер аумағы шегінде қоғамды басқаратын саяси биліктің ұйымы.

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ – (Методы теории государства и права)-мемлекет және құқық теориясы пәнін ұғынуды жүзеге асыруға көмек беретін тәсілдер,қағидаттар, амалдар жиынтығы.

МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІ - (Функции государства) - мемлекеттің өзінің алдында тұрған міндеттерді шешудегі атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары.

МЕМЛЕКЕТ ЫРҚЫНА КҮШТЕП КӨНДІРУ ЯҒНИ МЕМЛЕКЕТІК ЫРЫҚТАНДЫРУ - (ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРИНУЖДЕНИЕ) – жүзеге асырылуы ұйымдастырылған түрде болып келетін, кімдерге арналғаны бейнелі айқын болатын, және заңды ұйғарымдар арасында жүргізілетін, мемлекеттік аппарат көмегі арқылы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын шүбәсіз қамтамасыз ететін, құқық бұзушылықтармен болатын күрестрде қоғам қауіпсіздігін сақтау және қорғаумен айналысатын, құқық бұзуларда анықталғн кінәлілерді жазалау саласында мемлекетік еріктің сөзсіз орнықтырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің қоғам мүшелеріне тікелей күш жұмсауы, психологиялық немесе идеологиялық ықпал жасауы.

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ - ( Государственный аппарат)- мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруды орындауға тиісті органдар жүйесі.

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК - (Государственная власть) мемлекеттік ырыққа күштеп көндіруге (яғни мемлекеттік ырықтандыруға) негізделген үстем болу және бағынудың субъектілері араларындағы бұқаралық-саяси қатынастары.

МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК - (Государственный суверенитет) – мемлекетке тән елінің бүкіл аумағындағы үстемділігімен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ - (Государственно-прававой режим)- мемлекеттік билікті жүзеге асыруда қолданылатын әдістермен тәсілдер және құралдардың жүйесі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС - (Государственный строй)- мемлекеттің ең принциптік сипаттарын, құрылымдық ұйымдастырылуы мен қызмет етуіндегі өзара байланыстарын, өзара ықпалдасуларын көрсететін қоғамдық-саяси қатнастардың жиынтығы.

Мемлекеттік құрылыстың бейнелейтіндері:



  1. мемлекет, қоғам және жеке тұлға араларындағы қатнастар;

  2. халық және мемлекет биліктерінің жүзеге асырылу әдістері;

  3. мемлекетті басқару тұрпаттары;

  4. мемлекеттің экономикалық, саяси және идеологиялық негіздері;

  5. мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруындағы құқық және заңның рөлі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ - (Форма государ­ственного устройства) – мемлекеттің ішкі құрылысын, оның са­яси және жер аймағындағы өзіндік бөлінісін сипаттайтын, мемлекеттің бүкіл органдарының өзінің құрамдас бөлігіндегі органдарымен белгілі бір өзара қатынастарын камтамасыз ететін мемлекет нысанының элементі.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН - (Государственный орган) – мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементі. Мемлекеттік органның өкімет билігін іске асыруы мемлекеттің мәжбүрлеу күші арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік органдардың сыныпталуы:

1) Мемлекеттік органдарды қалыптастыратын субъектілеріне байланысты:

- өкілдігі бар мемлекеттік органдар (президент, парламент);

- мемлекеттік органдардың өздерінің құратын органдары (үкімет, министрліктер).

2) Мемлекеттік органдар құрылымына байланысты: 1) жай; 2) күрделі. Жай органдардың ішкі бөлімдері болмайды, ал күрделі органдардың бірнеше ішкі бөлімшелері болады.

3) Аумақты қызмет аясына байланысты:

- федералдық;

- республикалық;

- жергілікті.

4) Өкілеттіктерінің сипатына байланысты:

- жалпылама құзыретті органдар (Қазақстан Республикасының Үкіметі);

- арнайы құзыретті органдар (сыртқы істер министрлігі).

5) Құзырларының іске асу ретіне байланысты:

- алқылыға жататындары (үкімет);

- дара басшылыққа жататындары (президент).

6) Ұйымдық-құқық кызметтері түрлеріне байланысты:

- биліктері толық болатындары;

- биліктері шектеулі болатындары.

МЕМЛЕКЕТТІК ТӘРТІП – (Государственная дисциплина) – адамдардың өз жүріс-тұрыстарында белгілі бір ережелерді орындауларына байланысты мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар.

МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ - (Форма правления государства) – жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі.

МЕМЛЕКЕТТІҢ НЫСАНЫ(Форма государства) – мемлекеттің басқару нысанын (формасын) мемлекеттің құрылыс нысаның (формасын) және мемлекеттік құқықтық режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі (тұрпаты).

МОНАРХИЯ – мемлекеттік басқару нысаны, мұнда ең жоғарғы билік сайланбайды, тағайындалмайды, ондай билік атадан мұраға қалдырылып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады, мерзімі көрсетілмеген түрде жүзеге асырылады.

МОРАЛЬ (ӨНЕГЕ, ИМАНДЫЛЫҚ)адамдардың жүріс-тұрыстарын жақсылық, әділеттілік және адалдық тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидаттар жүйесі.

НАҚТЫ ҚҰРАМ(Фактический состав) – белгілі бір құқықтық салдардың туындауы үшін қажетті зандық фактілердің жиынтығы.

НЕКЕ(Брак) – ер мен әйелдің өз ықтиярымен одақ құрып отандасуы. Ол материалдық - мүліктік мақсаттан ада, сүйіспеншілік пен адал пейілділікке, достық көңіл мен өзара сыйластыққа негізделеді.

НОРМА(Норма) – үлгі-өнеге эталоны ретінде басшылыққа алынатын, жалпылама түрдегі тәртіптердің қалыптасқан ережесі. Мысалы: адамгершілік өнегесінің қағидалары, әдет - ғұрыптар, құқықтық қағидалар және т.б.

НОРМАТИВТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ(Нормативно-правовой акт) – ерекше түрде ресми жазбаша нысанды болып келетін және белгілі бір қоғамдық қатынасты реттейтін, өз құрамында құқық нормасы болатын, құқық шығармашылық субъектісі қабылдайтын құқықтық акт.

НОРМАТИВТІК ШАРТ(Нормативный договор) – жасалуының нәтижесінде жаңадан құқықтық норма пайда болатын құқық шығарушы субъектілер арасындағы келісімі.

НОРМАТИВТІК(Нормативность) – құқықтық ұйғарымдардың жалпыға бірдейлігін, міндеттілігін, үздіксіздігін және аймақтық бірлікте әрекет ететіндігін топтастырылған түрде білдіретін құқық нышаны.

ОБЪЕКТИВТІК ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІК ҚҰҚЫҚ(Объетивное и субъективное право) – «объективтік» және «субъективтік» санаттарын құқыққа байланыстыра қарастыруды екі жақты түрде жүргізу қажет.

Бірінші жағдайда, объективтік және субъективтік құқықтарды бөлектеп қараған жөн. Сонда:



Субъективтік құқық – субъектіге анықтығы белгілі жүріс-тұрысқа баруына мүмкіндік беретін құқық. Ол қажет болған жағдайларда мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.

Объективтік құқық – заң нормалары жүйесінде көрініс тапқан бүкіл қоғамның жалпыға бірдей міндетті еркі мен ықтияры.

ОҚИҒА – (Событие) – ерік пен санаға, субъектілікке байла­нысты, яғни тәуелді болмайтын заңдық факт. Мысалы, табиғат апаты, табиғи себептерден адамның қаза болуы, және т.б.

ОЛИГАРХИЯ – (Грекше oligarchia-аз ғана адамдар билігі) – (Олигархия) – адамдардың шағын тобының саяси-экономикалық үстемдік құруы, сондай-ақ осы аз ғана топ адамдардың атауы.

ОХЛОКРАТИЯ – (Охлократия) – тобыр билігі.

ӨКІЛЕТТІК – (Полномочие) – субъектіге атқаратын лауазымына сай берілген, қайсы бір мәселені шешу үшін қажеттілігі болатын құқықтар мен міндеттер кешені.

ӨКІМЕТТІҢ (БИЛІКТІҢ) ЛЕГИТИМДІЛІГІ – (Легитим­ность власти) – мемлекет пен қоғамның өзара қатынастарының сапасы. Мұның өзі биліктің құндылығын, оның басқаларды бағындыруға құқықтылығын қоғамның ерікті түрде тануынан білінеді.

ПАРЛАМЕНТ – ең жоғары өкілетті заң шығару билік органы. ПАРЛАМЕНТТІК РЕСПУБЛИКА(Парламентская респуб­лика) –басқарудың республикалық нысанының бір түрі. Мұнда парламент формалды түрде толық билігі бар орган болады. Ол Үкіметті қүрады, Президентті тікелей немесе дауыс беруші алқа арқылы сайлайды. Президент мұнда тек Елбасы яғни Мемлекет басшысы ғана болады. Атқарушы билік Парламент алдында ғана саяси жауаптылықта болады,

ПРЕАМБУЛАнормативтік актінің қабылдануына қызмет ететін, осы құжат алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін баяндайтын жағдайларды арнайы атап көрсететін таныстыру яғни аңдату немесе, кіріспе бөлімі.

ПРЕЗИДЕНТ(Президент) – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығынық, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктін барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

ПРЕЗИДЕНТТІК РЕСПУБЛИКА(Президентская респуб­лика) – мемлекетті республикалық нысанды түрде басқару. Мұнда елдегі жоғарғы билік президент қолында болады. Ол Елбасы ретінде бүкіл халықтың тікелей дауыс беруі - (немесе парламент арқылы немесе ерекше институт арқылы) негізінде сайланады. Биліктер бөлінісі жүйесінде ол билік тармағының бүкіл жүйесін үйлестіруші субъект болып табылады.

ПРЕЗУМПЦИЯфакт, оның бар болуы немесе жоқтығы онымен байланыстылықта тұрған басқа фактілердің дәлелденгендігінен белгіленген (белгіленбеген) деп болжалданады.

ПРЕЦЕДЕНТ, ҮЛП ІС, ОҚИҒА(Прецедент) – нақты іс бойынша қабылданған және кейініректе осыған ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын сот немесе басқа қайсы бір мемлекеттік органның шешімі.

ПРЕЮДИЦИАЛДЫҚ(Преюдициальность) бұрынырақта (ертеректе) сот шешімімен немесе сот үкімімен басқа қайсы бір істі қарауда бекітілген, әрі істерді қарайтын бүкіл соттар үшін тексерусіз әрі дәлелді қажет етпестен алынатын айғақтың міндеттілігі.

РАҚЫМШЫЛЫҚ, АМНИСТИЯ – (Амнистия) – қылмыс жасаған азаматтарға Президент және Парламент тарапынан берілетін кешірім (Қазақстан Республикасы Конституциясының бабы). Рақымшылық жасалуы еліміздің белесті мерекелеріне байланысты болады. Қоғамға қатерлі ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайды. Адал еңбегімен көзге түсіп, өзін жақсы жағынан көрсеткен азаматтар рақымшылықтың нәтижесінде қылмыс жазасынан мүлде немесе жартылай босатылады. Қылмысының қоғамға қандай дәрежеде қауіптілігіне қарай, кейбіреулердің жазасы жеңілдетіледі. Амнистия қайсыбір қылмысты істерді тоқтатуға байланысты қылмысты деп жазаланған азаматтарды мерзімін өтегеннен кейін сотталмады деп тану тәртібін белгілейді. Амнистия шыққан кезде тексеріліп біткен, бірақ әлі сот қарай қоймаған адамдардың істері (амнистияда көрсетілген баптарға сай келетін болса) токтатылады, ал қылмысын өтеп жүргендер босатылады немесе қылмыс өтеу мерзімі қыскартылады.

РАТИФИКАЦИЯ – (Ратификация) – халықаралық шартты мемлекеттік биліктің ең жоғарғы бидігінің бекітуі.

РЕСПУБЛИКА – мемлекеттің ең жоғары билік оргаңдарын халық немесе бүкіл ұлт өкілдері белгілі бір мерзімге сайлайтын мемлекеттік басқарудың түрі (нысаны).

Республиканың мемлекеттік билік органдарын сайлауға халық түгелдей қатысады. Республика - парламенттік, президенттік болып бөлінеді.



РИМ ҚҰҚЫҒЫН АЛЫП ПАЙДАЛАНУ – (Рецепция римс­кого права) – Рим мемлекеті зандарының жинағын Батыс Евро­па елдерінің орта ғасырларда альт пайдалануы.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР – (Относительные правовые отношения) – құқықтық қатынасқа екі жақтың да қатысушыларының жеке-жеке, есімдерінің аты аталып көрсетілетін ерекшеленген түрі.

САНКЦИЯ – (Санкция) – құқық нормасының бөлігі, онда әлгі құқық бөлігінің бұзылуы жағдайында болатын құқықтық салдары көрсетіледі.

САЯСАТ – (Политика) – қоғамды басқару өнері; бұл таптар, партиялар, ұлттар арасында билік жөнінде болатын, сондай-ақ бір жағынан мемлекет, ал екінші жағынан халықтың арасындағы биліктік қатынастарды сипаттайды.

САЯСИ РЕЖИМ – (Политический режим) – саяси билікті жүзеге асырудың әдістері, тәсілдері мен амалдары, жолдары арқылы сипатталатын осы қоғамның саяси жүйесі.

СЕБЕПТІК БАЙЛАНЫС – (Причинная связь) – құбылыстар арасындағы қажетті байланыс, мұндайда бір құбылыс (себеп) басқа құбылыстың алдында болады (салдары), сөйтіп оны (байла­нысты) туындатады (зиянды нәтиже салдар болуы тиіс, ал жүріс-тұрыстың өзі – дәл нәтиженің себебі болуы тиіс).

СЕНАТ - (Сенат) – көптеген елдер Парламентінің (оның арасында Қазақстан Республикасы да бар) жоғарғы палатасы.

СӨЗБЕ-СӨЗ (ҚҰҚЫҚТЫ) ТҮСІНДІРУ – (Буквальное тол­кование права) – құқық нормасы мағынасын түсіндіруде оның мағынасының мәтіндік білдірілуімен дәлме-дәл болуы.

СОТ БИЛІГІ – (Судебная власть) – Конституция жәнс басқа да заңдардың негізінде түрлі істер мен дауларды шешуде мемлекеттік соттардың атқаратын іс-әрекеттері.

Заң бойынша Республиканың Жоғарғы Соты және Республи­каның жергілікті соттары республиканың соттары болып табылады.

Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялык заңдармен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, зандарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді өзіне мақсат етіп қояды.

Сот билігі Республика Конституциясының, зандарының, өзге де нормативті құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға да қолданылады. Сондай-ақ соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Судья сот терелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Консти­туция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру кезінде соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

СУБЪЕКТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ(Правовой ста­тус субъекта) - тұлғаның өзінің құқықтары мен міндеттерінің жүйесінде оған атап көрсетіліп білдірілген қоғамдағы заң арқылы баянды етілген орны.

ТАБИҒИ ҚҰҚЫҚ - (Естественное право) – адамның жаралу табиғатына байланысты және сондықтан да нақты заң шығарушының еркіне тәуелді болмайтын құқықтары мен бостандықтарының одан ажыратылмайтын түрлерінің жиынтығы.

ТАЛАП (ҚУЫНЫМ) - (Иск) - нұқсан келтірілген, бұзыл-ған құқыкты немесе даулы құқыкты, заңмен қорғалатын мүддені корғаудың зандык құралы.

ТАРАТЫЛМАЛЫ (КЕҢІНЕН) ТҮСІНДІРУ – (Расширитель­ное толкование права) – мағынасы мәтіндік білдірілуінен шын мәнінде кен болып келетін заң нормаларын түсіндіру.

ТӘРТІП – (Дисциплина) – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қанағаттандыра алатын субъектілер жүріс-тұрысына (мінез-құлқына) қойылатын белгілі бір талаптар жиынтығы.

ТЕОКРАТИЯ – (Теократия) – басқару түрі (нысаны), онда мемлекеттің саяси билігі шіркеу басшысының яғни дінбасылардың қолында болады.

ТИРАНИЯ – (Грекше-tirannia) (Тирания) – қатал, рақымсыз басқару түрі яғни жауыздықпен ел басқару нысаны.

ТӨРЕШІ – (Арбитр) – дауласушы жақтардың өзара келісімі бойынша сайланатын тұлға. Төреші (арбитр) даулы мәселені тараптардын жауапты өкілдерініқ қатысуымен қарап шығып, заңға сәйкес шешіп келістіреді. Екі жақ келіспеген жағдайда арбитр-төреші жеке-дара шешім қабылдауға құқылы.

ТҮСІНДІРУ ТҮРЛЕРІ – (Виды толкования) Ресми түсіндіру – (Официальное толкование) – арнайы өкілеттігі бар мемлекет органдарының өз міндеттері бойынша құқық нормалары мағынасын, мазмұнын пайымдаған түсіндірмесі. Бұл түсіндірудің міндеттеушілік күші бар.

Бейресми түсіндіру – (неофициальное токование) – заңгерлердің, құқықтық іс жүргізу қызметкерлерінің өз тәжірибелерінде құқық нормалары мағынасы мен мазмұнын пайымдаған түсіндірмесі.

Бейресми түсіндірудің бір түрі доктриналдық (ғылыми) түсіндіру. Ол ғалымдардың пайымдаулары болып табылады. Бұлардың міндеттеушілік күші болмайды.



Аутентикалық (түпнұсқалық) түсіндіру – (аутентическое тол­кование) – құқық нормаларының мағынасын, мазмұнын сол нор­маларды қабылдаған органның өзі пайымдағанды аутентикалық түсіндіру деп атайды. Егер де пайымдауды баска орган жасаса ол легалдық түсіндіру болып шығады.

Нормативтік түсіндіру – (нормативное толкование) – құқық нормаларын қолдану органдарының өздерінің іс-тәжірибелерін жинақтау қорытындылаудағы түсіндірулері. Бұл құқық қолдану іс-тәжірибелерін негіздейді. Құқық нормаларының нақты жағдайлардағы қолданылуын, біркелкі зерделенуін қамтамасыз етуді көздейді.

Казуалды түрдегі түсіндіру – (казуальное толкование) – құқық қолдану органдарының нақты жағдайларға байланысты құқыққа берген түсіндіруі. Мысалы: сот үкімінде сотталушыға жазаның қандай, қалай, не себепті қолданылғанын түсіндіріп көрсетуі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет