2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы
санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай
-
ақ
олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы.
3. Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық
жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға
кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;
2007.21.05.
№
254-III
ҚР Заңымен (бұр.
ред
. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР
Заңымен
(2022 ж.
22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми
хабарлама жарияланды) (
бұр.ред.қара
) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының,
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар
ұсынады;
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
4. Мәжіліс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi
және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етед
i.
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: