депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің
қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер
Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе
Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
2022 ж. 08.06. ҚР
Заңымен
2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама
жарияланды) (
бұр.ред.қара
)
2) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы
туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін
Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) 2017 ж. 10.03. № 51
-
VI ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін
пайдалану туралы шешім қабылдайды;
2022 ж. 08.06. ҚР
Заңымен
6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама
жарияланды) (
бұр.ред.қара
)
6) Конституциялық Соттың Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай
-
күйі
туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды
және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 04.12.98 ж. № 13/2; 30.06.99 ж. № 10/2; 27.09.99 ж. №
18/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР
Достарыңызбен бөлісу: