Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз


№ 254-III   ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.  ред



Pdf көрінісі
бет52/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Конституция Kk

№ 254-III
 
ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. 
ред
. қара) 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз 
бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiмi 
бойынша өткiзiлетiн республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуi 
мүмкiн. Егер Президент оны Парламенттiң қарауына беру қажет деп ұйғарса, 
Конституцияға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық 
референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттiң шешiмi Конституцияда 
белгiленген тәртiппен қабылданады. Егер Республика Президентi Конституцияға 
өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы 
Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының 
әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк даусымен 
Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң 
қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi осы заңға қол қояды 
немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға 
қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге 
қатысса, ол өткiзiлдi деп есептеледi. Республикалық референдумға шығарылған 
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, 
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс 
беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп 
есептеледі. 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 04.12.98 ж. № 13/2 
қаулысымен
 
берілген түсініктемені 
қараңыз 
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
); 2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
 
(2022 ж. 
22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми 
хабарлама жарияланды) (
бұр.ред.қара
); 2022 ж. 17.09. № 142-VII ҚР 
Заңымен
 
(2022 ж. 
19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр. ред. қара
) 2-
тармақ жаңа редакцияда
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы 
мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі 
принциптері, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір 
реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелер өзгермейді.
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР 
Заңымен
3-
тармақпен толықтырылды; 2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
3-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 
2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (
бұр.ред.қара

3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың 
осы баптың 2
-
тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық 
Соттың қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика 
Парламентінің қарауына шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет