ҚР Банк жүйесі
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заң қашан қабылданды?
1995 жылы 30 наурыз №2155заңы
16. Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі кімге есеп береді?
Президент әкімшілігіне
17.Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкінің негізгі мақсатын атаңыз:
Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
18.Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкінің негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін жүктелген міндеттерінің бірін көрсетіңіз:
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұйымдық құқықтық нысаны:
Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылымды құрайды.
20. Айналыстағы монеталардың анықтамасын беріңіз:
Қымбат емес металдардан дайындалған жэне қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
21 Банкноттар мен монеталарды шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды жүзеге асырады:
Қазақстан Үлттық Банкі
Достарыңызбен бөлісу: |