Штаб-бірлестіктің негізгі басқару органы болып табылады.
Штаб-бірлестіктің негізгі басқару органы болып табылады.
Ұлттық ұлан: 1) Ұлттық ұланның әскери басқару органдарынан; 2) жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдерден; 3) маңызды мемлекеттік объектілерді және арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдерден; 4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету және айдауылмен алып жүру жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдерден; 5) арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдерден; 6) Ұлттық ұланның әскери полиция органдарынан; 7) Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орнынан; 8) Ұлттық ұланның қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдерден (оқу-жаттығу, байланыс, тылдық, медициналық, техникалық қамтамасыз ету және басқалар); 9) авиациялық бөлімдерден; 10) арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерден (бөлімшелерден) тұрады.
Ұлттық ұланның Комитет құқығындағы Бас қолбасшылығы Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы басқарады.

Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір аумақта өз қызметін жүзеге асыратын әскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына тікелей бағынатын құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.