Байланысты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы - 03.11 (1)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруы Мемлекеттік биліктің түсініктемесі және мәні. Мемлекеттік басқару – мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары.
Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. Олардың жалпы сипаттамасы.