Натюрморт кескіндемесі
В.А Фаворский атап көрсеткендей натюрморт нұсқасын жасаған кезде заттарды көру керек және олардың бір-бірімен әңгімелескенін, бір-біріне деген қарым-қатынасының, әсерлерінің тереңдігі мен әуендік қатынасын түсініп отыруы керек.
Натюрморт кез-келген заттардың жиынтығы емес. Бір парақ қағазға кез-келен қолға түскен заттарды жинақтап салу- мазмұнды натюрморт орындалды деген сөз емес. Натураға деген белсенді авторлық қатынас, әдемілік, әсемдік сезімі әр-бір жұмыс этапында байқалу керек. Ол болмайынша оқу немесе шығармашылық қойылымды жақсы орындауға болмайды. Натюрмортқа жансыз заттардың тобы ретінде қарап, оларды механикалық түрде қағазға түсірмей, натурамен сәйкестігін ғана жеткізіп қоймай, әр-бір постановкадан идеялық мәнін, өмірдегі болмысын табу. Образды құрғанда заттардың әдемілігін, оларға тән қасиеттерін, кескінді-пластикалық және мағыналық байланысында қарастыру шарт.
Әр – бір заттың “тіршілік ету ортасы” болады. Басқа бір жағдайларға орналастырса, басқа заттармен үйлесе алмай, диссонанс құрап тұрады. Сондықтан заттарды орын-орынмен қойған жөн. Әр-бір зат басқа заттарды толықтырып, байытып, ортақ ойды жеткізіп, оның ерекшелігін көрсету қажет.
Натюрмортты бір-біріне ұқсас немесе біртекті заттардан жасау керек, мысалы кітап, гүл, т.с.с. Бұл автор ойының белсенді шығармашылығын, фантазиясын қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |