Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


мониторинг  жұмысының нәтижесін талдау



Pdf көрінісі
бет133/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

 
мониторинг 
жұмысының нәтижесін талдау
 
және әдістемелік бірлестікте талқылау 
ұсынылады. 
«Биология» пәндері бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу 
жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды 
анықтауды 
ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу
арқылы жүргізу ұсынылады.
Пән бойынша анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа 
топтастыру ұсынылады: 
- тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 
- көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму; 
- ағза мен қоршаған орта; 
- қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Осылайша пән мазмұнының жүйесіне қарай топтастыру олқылықтың 
орнын толықтыруда реттілікті қамтамасыз етеді, зерттелетін тақырыптарды 
анықтау және қосымша білім беруді жоспарлау кезінде оқу мақсаттары 
арасындағы жүйелілікті сақтаған дұрыс. 
7-сыныпта оқу жылының алғашқы апталарында 6-сыныптағы «Жаратылыстану» 
пәнінен алған білімін ескеріп, сабақтастықты сақтау ұсынылады. 
7-сыныпта 1-тоқсанда «Экожүйелер» бөлімін бастағанда 6-сыныптың 
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанда өткен «Экология және тұрақты даму» 
бөлімін естеріне түсіріп, ондағы олқылықтарды жоюға болады.


160 
Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін біріктіруге болатын оқу 
мақсаттары мысал ретінде ұсынылады: 
«Экожүйелер» бөлімінде: 
7-сыныптағы:
7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі 
ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу; 7.3.2.1 адам мен 
экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау; 7.3.2.2 экожүйеге 
жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру оқу 
мақсаттарын 
6-сыныптағы: 6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын 
график түрінде көрсету және түсінду; 6.6.1.2 экожүйе ауысымдарының 
себептерін түсіндіру; 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық 
мәселелердің себептерін талдау; 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу 
жолдарын ұсыну оқу мақсаттарымен; 
«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімінде: 
8-сыныптағы: 
8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері 
бойынша тану оқу мақсатын 
7-сыныптағы: 7.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың 
құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау

«Тыныс алу» бөлімінде: 
8-сыныптағы: 8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін 
сипаттау; 8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру; 8.1.4.3 
өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және 
дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін 
анықтау оқу мақсаттарын 
7-сыныптағы: 
7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін 
танып білу; 7.1.4.6 тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен 
олардың алдын алу жолдарын түсіндіру

«Көбею» бөлімінде: 
8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және 
жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатын: 
7.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау оқу 
мақсатымен

«Қоректену» бөлімінде: 
9-сыныптағы: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді 
сипаттау оқу мақсатын 
8-сыныптағы: 8.1.2.1 омыртқасыздар, күйіс қайыратын жануарлар мен 
адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру

«Тыныс алу» бөлімінде: 
9-сыныптағы 9.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін 
пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру; 9.1.4.2 


161 
бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы 
байланысты қарастыру оқу мақсаттарын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет