Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш



Pdf көрінісі
бет254/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

 
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
 
2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің 
көшірмесі;
 
3) үміткердің электрондық мекенжайын көрсете отырып, үміткердің оқу 
орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
 
4) үміткердің 3х4 мөлшеріндегі 2 дана фотосуреті.
 
«Дарын» орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және 
өткізуді қамтамасыз ететін конкурстық комиссия құрады.
 
Конкурстық комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы 
сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, «Дарын» 
орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар 
қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.
 
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін 
конкурстық материалдарды «Дарын» орталығының оқу-әдістемелік кеңесі 
әзірлейді және бекітеді.
 
Конкурс Орталық белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 
1-20 маусым аралығында өтеді.
 
Конкурс офлайн (тестілеу) режимінде өтеді.
 
Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша 
Орталық алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының 


333 
базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір 
мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.
Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын Орталық қызметкерлері конкурс 
басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз 
түрінде (пломбаланған) жеткізеді.
 
Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың 
ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу 
алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі 
орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін 
техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет