Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні –



Pdf көрінісі
бет139/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   416
«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні – 
«Абайтану» пәні 
енгізілді.  
«Абайтану»  пәні  бойынша  оқу  процесі  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  
27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 
қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдете  оқытатын  гуманитарлық  бағыттағы 
мамандандырылған  желілік  «Абай  мектептері»  желісінің  5-9-сыныптарына 
арналған  «Абайтану»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.  
«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:  
1) тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау; 
2)  тұлғатанымдық:  Абай  Құнанбайұлы  туралы  естеліктер  мен  ғылыми 
еңбектерді оқыту; 
3) дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.  
«Абайтану» 
пәнінің 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы 
қазақ  әдеби  тілінің  құнарын,  көркем  сөздің  қуатын,  эстетикалық  күшін, 
идеялық  мазмұнын  меңгертіп,  ұлттық  мінез-құлық,  сапалық  ерекшеліктерді, 
ұлттық  кодты  таныту,  гуманистік-көркемдік,  мәдени-тарихи,  ұлттық 
құндылықтарды  бағалай  алу  құзыретін  дамыту;  Абайдың  «Толық  адам»,  ар 
ілімі, адамгершілік мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық 
қасиеттерді  танытып,  білімгерлердің өзіндік  даму  бағытын,  сыни ой-пайымын 
қалыптастыру; әдеби  тіл  және  әдеби  формалар  арқылы  өз  ойын  еркін  жеткізе 
алатын,  өзіндік  ұстанымы  бар,  түрлі  жағдайда  оңтайлы  шешім  қабылдауға 
қабілетті тұлға қалыптастыру. 
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. 
«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген: 
1) оқу және түсіну; 
2) талдау және жинақтау; 
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім). 
«Оқу  және  түсіну»  бөлімінде:  мәтінді  түсініп,  мәнерлеп  негізгі  ой 
түйіндерін  пайымдап  оқу,  мәтіннің  тілдік  ерекшелігін  (лексикалық,  образдық 
мәнін)  игеру,  шығарма  үзінділерімен  жұмыс,  шығармадағы  өзекті  мәселе, 
идеялық мазмұн, (ауызша, жазбаша) интерпретация; 


111 
 
«Талдау  және  жинақтау»  бөлімінде:  әдеби  шығарманың  композициялық 
құрылымы,  көркем  шығарманың  идеялық  мазмұны,  образдар  жүйесі,  типтік 
характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер; 
«Бағалау  (салыстыру)  және  шығармашылық  (өнім)»  бөлімінде: 
шығармадағы  тарихи  шындық  және  көркемдік  шешім,  рухани  және  көркем-
эстетикалық  құндылық;  әдеби  шығармашылық;  әдеби  сын  бөлімшелері 
қамтылған. 
Оқытылатын  көркем  шығармалар  тізімінде  Абайдың  өлеңдері, 
қарасөздері  мен  поэмалары,  сондай-ақ  М.Әуезовтің  «Абайдың  өмірбаяны», 
«Зерек  те  талапты  жас»  мақалаларымен  қатар  қосымша  оқуға  да  шығармалар 
тізімі ұсынылған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет