146
түсінуге және меңгеруге көмектеседі, білім алушыларды ғылыми-зерттеу
әрекеттеріне баулиды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін жоба әдісін
қолдану пәнді оқытудың тиімділігін арттырады, пәндер бойынша оқыту
сапасын арттырады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді
жоспарда білім алушылардың жобалық жұмыстарының тақырыптары мен
мақсаттары жоспарланған. Сондықтан оқу жылы ішінде білім алушылардың
көрсетілген тақырыптар бойынша жобалар мен шығармашылық жұмыстардың
орындалуы педагогтер назарында болуы керек.
Жобалау әдісін қолданған кезде педагог дайын білім беруден гөрі білім
алушылардың зерттеу, іздеу, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал
етеді. Жобалық жұмысты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта орындауға
болады. Білім алушылар жаңа білім іздеу арқылы жаңа нәтижелерге қол
жеткізеді, талқылайды, жоба бойынша қорытынды шығарады, жобаны
жетілдіреді, нәтижені жариялайды.
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп
көрсетілген
.
Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары
көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің
еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.
5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік
саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән бойынша білім алушылардың
академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару ұсынылады. Бағдарламалау
тілі - ағылшын тілі, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде
ұсынылған. Педагог білім алушылардың назарын информатика бойынша
академиялық тілді қолдануға аударуы, сондай-ақ информатиканы оқуға қажетті
тілдік дағдыларға көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар педагогтер білім
алушының бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін
пайдаланылатын ұғымдарды қамтитын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы
керек.
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір
ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім
алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты
анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша
жиынтық бағалау саны 47-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: