Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг)



Pdf көрінісі
бет20/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   416
Байланысты:
102 ДИЯ КЛИЧХАНОВА ЖИБЕК, Ашық с.Матем.
оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг)

Сабаққа қатысу барысында: 

 
сабақтың  оқу  бағдарламасының  мазмұны  мен  оқу  мақсаттарына 
сәйкестігіне;  

 
формативті бағалаудың өткізілуіне;  

 
педагогтің кері байланыс жасауына;  

 
білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына;  

 
әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге; 

 
сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға

 
оқыту  процесінде  белсенді  әдіс-тәсілдер  мен  технологиялардың 
қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылады.
 
 
 

 
1-11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша орта мерзімді жоспарлар 
«НЗМ 
ДББҰ» 
АҚ 
сайтының 
«Жүйелік-әдістемелік 
кешен» 
блогында 
орналастырылған http://out.easycounter.com/external/smk.edu.kz. 

 
Мұғалім  қысқа  мерзімді  жоспарды  электронды  немесе  қағаз  форматта 
ұсына алады.
 
 
 
2021-2022  оқу  жылының  басты  міндеті  –  білім  алушылардың  өткен  оқу 
жылындағы  білімін  толықтыра  отырып,  жаңа  оқу  жылының  бағдарламасын 
жүзеге асыру. 
 
 

 
2021-2022  оқу  жылының  басында  мектеп  әкімшілігіне  барлық  пәндер 
бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.  

 
Бақылау 
нәтижелері 
бойынша 
білім 
алушылардың 
біліміндегі 
олқылықтардың  орнын  толықтыру  үшін  әрбір  педагогтің  және  мектептің  жұмыс 
жоспары әзірленеді.  

 
Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі. 

 
Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг 
жүргізіледі. 

 
Білім  олқылықтарының  орнын  толықтыру  бойынша  мектеп  жұмысы 
алгоритмінің үлгісі ұсынылады (www.nao.kz).
 


15 
 
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері: 
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;  
2)
 
оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар; 
3)  оқуға  қажетті  өзіндік  жеке  қасиеттерінің  даму  деңгейінің 
жеткіліксіздігі; 
4) эмоционалды қолайсыздық.  
 
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі: 
1)  бірнеше  педагогтің  сабақтарды,  оқыту  процесін  бірлесіп  жоспарлауы 
(олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу 
тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша 
оқу әрекетін реттеу және т.б.);  
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру
3)  бірінші  сыныптың  білім  алушылары  мен  осал  топтың  балаларын 
психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету; 
4)  оқу  іс-әрекетін  ынталандыру  (көтермелеу,  табысты  жағдаяттарды 
туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.). 
5)  оқушының  оқу  іс-әрекетінің  және  оқу  жетістіктерінің  мониторингі 
(білім  алушыларға  жүйелі  сауалнама  жүргізу,  оқу  тапсырмаларының 
орындалуын  тексеру,  кері  байланыс,  өзін-өзі  бағалауда  белсенділікті  арттыру 
және т.б.); 
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс; 
8)  өздігінен  орындайтын  тапсырмалар  үшін  қашықтан  оқыту  жүйесін 
пайдалану. 
Барлық  білім  беру  ұйымдарында  мазмұнды  оқу  контенті  (жетекші 
мұғалімдердің  сабақтары,  қарқынды  оқытуға,  жаттығулар,  тестілер  және  т.б. 
арналған  виртуалды  зертханалар)  бар  цифрлы  платформаларға  қолжетімділік 
қамтамасыз етіледі. 
 
Білім 
алушылардың 
біліміндегі 
олқылықтарды 
толықтыру 
жұмыстарында: 
педагогке: 
- білім  алушының  артта  қалу  себептерін,  оның  оқу  жетістіктерінің 
деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау; 
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу; 
- жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу; 
- жүйелі кері байланысты ұйымдастыру 
ұсынылады.
 
Педагог  оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  және  жеке  даму 
жолын  ескере  отырып,  пән  бойынша  білім  алушылардың  білімін  толықтыру 
алгоритмін дербес әзірлейді. 
Мысалы:
 
- өткен  және  ағымдағы  оқу  жылдарындағы  оқу  пәні  сабақтарының 
тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;  
-  пәндер  бойынша  өткен  оқу  жылының  материалдарын  жаңа  оқу 


16 
 
жылының барлық кезеңіне бөлу; 
-  жаңа  тақырыптарды  және  оқу  мақсаттарын  меңгертуге  дейін  бұрынғы 
оқу материалдарын қайталау; 
-  білім  алушыларға  қиындық  тудырған  тақырыптар  бойынша  қосымша 
сабақтар өткізу; 
-  білім  алушыларға  күрделі  тақырыптар/оқу  мақсаттары  бойынша  жеке 
және топпен консультациялар өткізу
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру; 
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру; 
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша 
тапсырмалар әзірлеу және енгізу; 
-  өткен  оқу  жылындағы  материалдар  бойынша  зерттеу  және  жобалау 
жұмыстарын ұйымдастыру; 
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу 
жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім 
беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану; 
- білім беру платформаларын қолдану. 
 
Негізгі  оқу  пәндерінен  білім  алушылардың  біліміндегі  олқылықтардың 
орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың 
«Орта білім 
беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»
  атты 
3-бөлімінде беріледі. 
 
 
Білім  алушылардың  біліміндегі  олқылықтардың  орнын  толықтыру  бойынша 
жұмысты  ұйымдастыруда  «2020-2021  оқу  жылында  жазғы  мектепті  ұйымдастыру 
жөніндегі  әдістемелік  ұсынымдар»  қосымшасын  басшылыққа  алу  қажет  (ҚР  БҒМ 
2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы). 
2021  жылғы  26  мамыр  мен  19  маусым  аралығында  ұйымдастырылған 
Жазғы  мектеп  білім  алушылардың  білімдеріндегі  олқылықтардың  орнын 
толықтыруға бағытталды.
  
 
Жыл  сайын  жазғы  мектеп  барлық  білім  алушылар  үшін  оқыту  мерзімін  
20  маусымға  дейін  ұзарта  отырып  жұмыс  істейтін  болады.  2021-2022  оқу 
жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет