Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Қашықтан  оқыту  процесін



Pdf көрінісі
бет356/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   416
Байланысты:
102 ДИЯ КЛИЧХАНОВА ЖИБЕК, Ашық с.Матем.
Қашықтан  оқыту  процесін  тиімді  ұйымдастыру  үшін
  білім 
алушылардың  ата-аналарымен  тығыз  байланыс  орнату  қажет.  Ата-аналарға 
қашықтан  оқытудың  ерекшеліктерін  түсіндіріп,  нұсқаулық/жоспар  әзірлеу 
ұсынылады,  онда  мұғалім,  ата-ана,  сабақ  барысында  оқушы  орындайтын  іс-
әрекеттер  нақты  жазылуы  керек.  Нұсқаулықты  әзірлеу  кезінде  білім 
алушылардың және  білім алушылар отбасының мүмкіндіктерін ескеру қажет. 
Қабылданған  карантиндік  шаралар  жағдайында  қашықтан  оқыту  бойынша 
егжей-тегжейлі ұсыныстарды ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан табуға 
болады.  Оны  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 
«Қашықтан  оқыту»  айдарымен  https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94  сайтында 
орналастырылған.  
 
 
Қашықтан өткізілетін сабақ – бұл дәстүрлі емес сабақ!  
 
Қашықтан  оқыту  дәстүрлі  оқытуға  қарағанда  жаңа  дағдылар  мен 
педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).
2
  
Қашықтан  жұмыс  істеудің  тиімді  шарттарының  бірі  –  тапсырмаларды  жиі 
өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Себебі балаларға үлкен көлемдегі 
ақпаратты қабылдау мен игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау 
қиын.  Сондықтан,  бірнеше  жұмыс  түрлерімен  сабақ  жүргізіңіз,  мысалы,  бейнені 
көруге  5-10  минут,  тапсырмаларды  орындауға  10  минут  және  қолмен  жазуға  10 
минут және т.б. 
Оқыту  аудиториялық, қашықтан  оқытуды  және  білім  алушылардың  өзіндік 
жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек.
 
Әрбір білім 
алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Оқу  процесі  әртүрлі  режимдерде  өтуі  керек:  онлайн  режимінде  оқу  іс-
шаралары  мен  мұғаліммен  қарым-қатынас  АКТ-ны  қолдана  отырып,  белглі  бір 
уақытта  жүзеге  асырылады;  асинхронды  форматта:бұл  балаға  өзіне  ыңғайлы  кез 
келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.  
Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады: 

 
 Көлемді  мәтіндерден  аулақ  болыңыз.  Егер  тақырып  білім  алушыны 
қызықтырса,  қосымша  материал  берілетінін  ескерте  отырып,  мәтіндегі  ең 
маңыздысын қалдырыңыз.  

 
 Мәтін бөлімдерге  бөліну керек.  

 
 Инфографикасы  бар  мәтіндерді  қолданыңыз,  себебі  визуализация 
материалды жақсы түсінуге, оны есте сақтауға мүмкіндік береді. 
                                                           
2
 Fetherston, T. “Pedagogical Challenges for the World Wide Web.” Educational Technology 
Review, 2001, 9(1). http://dl.aace.org/11556. Accessed Aug. 12, 2004 


320 
 

 
Тапсырмалар  мен  оқу  блоктары  көлемі  мен  күрделілігі  бойынша 
теңдестірілуі тиіс.  
Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары 
білікті  педагогикалық  ұжым  қамтамасыз  етуі  тиіс,  оның  әрбір  мүшесі  өзінің 
кәсібилігін  үнемі  арттыруға  мүдделі.  Бұл  жағдайлар  қашықтан  оқытуды  сәтті 
жүзеге асыру үшін негізгі және қажеттісі болып табылады. Олардың әрқайсысын 
жеке-жеке  орындау  жақсы  нәтижеге  кепілдік  бермейді,  дегенмен  кешенді  түрде 
олар мектепте өнімді оқу процесін жүргізу үшін берік негіз болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет