Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет365/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   416
Байланысты:
102 ДИЯ КЛИЧХАНОВА ЖИБЕК, Ашық с.Матем.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН 
МЕКТЕПТЕРДЕ 
ОҚУ 
ПРОЦЕСІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту мен оқытудың 
ерекшеліктері 
 
1. Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету 
Зиялы  тұлғаны  дамыту,  ғылым  негіздерін,  мәдениет,  өнер  және  тілдерді 
тереңдетіп  оқыту  мен  білім  беруге  бағытталған  элитарлы  білім  беретін 
мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  келесі  нормативтік-құқықтық 
құжаттарды  басшылыққа  алады:  ҚР  «Білім  туралы»  Заңы,  ҚР  МЖМБС-2018, 
«Типтік  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту 
туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  30  қазандағы  
№ 595 бұйрығы.
 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  оқу  жұмыс  жоспарын 
мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарына  арналған  типтік  оқу  жоспарлары 
негізінде  «Қазақстан  Республикасының  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта 
білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 
4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес өздігінен әзірлейді.  


332 
 
Мамандандырылған  мектептердің  оқу  жұмыс  жоспарлары  білім  беру 
ұйымының  басшылығымен  бекітіліп,  ҚР  БҒМ  «Дарын»  республикалық  ғылыми-
практикалық  орталығымен  және  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы 
органдармен келісіледі.  
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына  оқуға  қабылдаудың 
үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2018  жылғы  12  қазандағы  №  564 
бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»    ҚР  БҒМ  2020  жылғы  
24  маусымдағы  №  264  бұйрығына  сәйкес  мамандандырылған  білім  беру 
ұйымдарына  оқуға  қабылдауды  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық 
орталығы  (бұдан  әрі  –  Орталық)  конкурстық  негізде  (бұдан  әрі  –  конкурс) 
ұйымдастырып, қабылдайды. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымына  түсу  үшін  конкурсқа  қатысу 
құжаттарын  қабылдау  ағымдағы  күнтізбелік  жылдың  1  наурызынан  25  сәуіріне 
дейін жүргізіледі. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымы  басшысының  бұйрығымен 
құжаттарды  қабылдау  үшін  жауапты  тұлға  тағайындалады.  Жауапты  тұлға 
конкурсқа 
қатысуға 
үміткерлердің 
электрондық 
базасын 
құруға 
(мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту 
тілі,  электрондық  мекенжайы,  дипломдарының  көшірмелері  (бар  болса)  жауапты 
болады.
 
Конкурсқа  қатысу  үшін  үміткердің  ата-анасы/заңды  өкілі  белгіленген 
мерзімде  мамандандырылған  білім  беру  ұйымының  интернет-ресурсында 
тіркеуден  өтеді  немесе  мамандандырылған  білім  беру  ұйымына  жауапты  тұлғаға 
келесі құжаттарды ұсынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет