Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Зайырлылық және дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет15/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   416
Байланысты:
102 ДИЯ КЛИЧХАНОВА ЖИБЕК, Ашық с.Матем.
Зайырлылық және дінтану негіздері
» курсын оқу құқықтық және діни 
сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық 
келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған. 
«
Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздерін
»  оқи  отырып,  білім  алушылар 
кәсіпкерлік  негіздерін,  қаржылық  сауаттылықты  үйренеді,  экономика, 
менеджмент,  маркетинг  бойынша  базалық  білім  алады,  қазіргі  нарықтық 
жағдайларда  дербес  қызмет  ету  үшін  қажетті  кәсіпкерлік  ойлау  дағдыларын 
меңгереді. 
«Жаһандық  құзыреттіліктер»  курсын  «Биология»,  «Қазақстан  тарихы», 
«Дүниежүзі  тарихы»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Орыс  әдебиеті»  пәндерінің 
мұғалімдері  мен  біліктілікті  арттыру  курстарынан  өткен,  сертификаттары  бар 
басқа да мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, психологтар жүргізе алады. 
2021-2022  оқу  жылында  ресурстар  болған  жағдайда  педагогикалық 
кеңестің  шешімімен  6-сыныпта  «Музыка»  оқу  пәнінің  шеңберінде  домбыра 
тартуды  үйретуге  болады 
(аптасына  1  сағат).  Домбыра  тартуды  үйрету 
мүмкіндігі  болмаған  жағдайда  «Музыка»  пәнінің  үлгілік  оқу  бағдарламасы 
толық  жүзеге  асырылады.  Мектептің  даярлығына  қарай  және  білім 
алушылардың  қалауы  бойынша  домбыра  тартуды  үйретуге  оқыту  тіліне 
қарамастан барлық мектептер ауыса алады. 
Құрманғазы  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  халық  аспаптар 
оркестрінің
,
 
«Отырар  сазы»
 
мемлекеттік  академиялық  фольклорлық-
этнографиялық 
оркестрлерінің 
тұрақты 
шетелдік 
турлары, 
Димаш 
Құдайбергеннің,  басқа  да  кәсіби  ұжымдар  мен  орындаушылардың  әлемнің 
әйгілі  сахналарында  жиі  өнер  көрсетуі  бүкіл  әлемде  домбыраға  деген  жоғары 
қызығушылық тудырды. 
Білім  алушылар  тек  домбыра  тартуды  ғана  үйреніп  қоймай,  сонымен 
қатар  халық  композиторларының  шығармашылығымен,  қазақ  музыкасының 
тарихымен,  Қорқыт,  Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Тәттімбет,  Дина  Нұрпейісова 
және  басқа  да  қазақ  халқының  ұлттық  өнері  тұлғалары  салған  дәстүрлермен 
танысады.  «Домбыра»  курсын  жүргізу  үшін  Ы.  Алтынсарин  атындағы  ҰБА-
ның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет