122
Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ және Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясының сайтында https://nao.kz/ орналастырылған.
Ағылшын
тілі
бойынша
білім
беру
процесін
ұйымдастыру
коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар,
пікірталастар, конференциялар, байқаулар, драматургия және т.б.) жан-жақты
пайдалануды көздейді.
«Ағылшын тілі» пәнін оқыту барысында қолданылатын әдебиеттер
тізіміне шектеу қойылмайды, керісінше білім алушылардың жас ерекшелігі мен
қызығушылығына сәйкес әртүрлі ресурстарды пайдалану ұсынылады.
Формативті бағалау
оқу мақсаттарына қол жеткізу барысын анықтау
үшін және оқу процесін одан әрі құру үшін жүргізіледі. Бағалау ұсыныс беру
арқылы жазбаша (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша түрде
жүзеге асырылады.
Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларды кері байланыспен
қамтамасыз етуі керек. Ағылшын тілі мұғалімі кері байланысты қажет ететін
білім алушыларды және кері байланысты беру нысанын өзі анықтайды.
Білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы:
- тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары кезінде;
- карантин кезінде;
- әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
кезінде
формативті бағаланады
. Аталған жағдайларда оқу жетістіктерін
бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 5-9 сыныптарда БЖБ
үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек.
Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нақты саны көрсетілген
(36-кесте):
36-кесте.
Бөлім бойынша
жиынтық бағалау
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық
бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
2
Достарыңызбен бөлісу: