150
дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен
қоршаған әлемді тұтастай
қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай
және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – оқушыларға еліміздің табиғаты,
табиғи байлығы, экономикасы, «адам-адам», «адам-қоғам», «адам-табиғат»
арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің
әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Осыған орай «Жаратылыстану»
пәніне «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндеріне өтпелі пән
ретінде 136 сағат берілуі пән тарапынан олқылықтар жіберу мүмкіндігін
азайтады. Бағалау барысы негізінен мұғалімдердің күнделікпен жұмысы
нәтижесінде беріліп отыр. «Күнделік» арқылы мониторинг қорытындысы
республика бойынша қанағаттанарлық. БЖБ мен ТЖБ көрсеткіштерінің
жиынтығы ойландырады. Сонымен қатар «Жаратылыстану» пәнінде
тәжірибелік жұмыстардың көбі орындалмады, себебі үй жағдайында орындау
қиындықтар тудырды.
Жаратылыстану
пәні
бойынша
5-6-сыныптардағы
тәжірибелік
жұмыстарды апта соңында қосымша жүргізу арқылы білімдегі олқылықтың
орнын толықтыра аламыз.
Табиғаттағы физикалық, химиялық, географиялық заңдылықтарға
байланысты 6-сыныпта қарастырылатын тақырыптардың бастапқы түсініктері
беріледі. Жаратылыстану ғылымына тек 6-сынып материалдарын игерген соң
нақтылы химия, физика, биология, география бағытындағы мазмұны
қарастырылмақ.
Жаратылыстану бағытындағы пәндердің зертханалық және тәжірибелік
жұмыстарының өз деңгейінде орындалуына көңіл бөлу ұсынылады.
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың
орнын толықтыру үшін оқытуды ұйымдастырудың бірнеше әдістері
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: