«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жөнінде ұсынымдар 2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім
алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу
жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл
бойы жүргізу ұсынылады.
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті (әрбір пән мұғалімі үшін) №
Жұмыс мазмұны Диагностикалық жұмыс
(I тоқсанның I аптасында)
1
Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша
әкімшілік
диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу
2
Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты
өткен
тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау .
Мысалы ,
қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі