Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет229/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   416
«Өзін-өзі тану» оқу пәні
 
«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  оқу  үдерісінің  басты  міндеті:  тұлғаның 
құндылықтар  жүйесін,  қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді 
шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың 
әлеуметтік  мәнді  бағдарларын,  яғни  адамның  өзіне,  қоршаған  әлемге,  жалпы 
адамзатқа  қатысына  себепші  болатын  адамгершілік  тәртіп  негіздерін 
қалыптастыру;  жас  ерекшеліктеріне  қарай,  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 
субъектісі  ретінде  дамыта  отырып,  әрбір  адамның  табиғатына  салынған 
жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару. 
5-9-сыныптардағы  «Өзін-өзі  тану»  базалық  мазмұны  төрт  тарауды 
қамтиды:  «Таным  қуанышы»;  «Адам  болам  десеңіз  ...»;  «Адам  және  әлем»; 
«Адамзаттың рухани тәжірибесі». 
6-сыныпта  II  «Адам  бол»  бөлімнің  9-10  тақырыбы  «Басқа  адамды  сезін» 
деген атаумен берілген.  
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
5-9-сыныптарда аптасына –  
1 сағат, жылына – 34 сағатты құрайды.  


196 
 
Оқушылардың  білімін  бағалау. 
Рухани-адамгершілік  білім  берудің 
ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір 
жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  «сынақ»  қойылады.  Егер  оқушы 
негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптарына  арналған  «Өзін-өзі  тану» 
пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасында  көрсетілген 
дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін 
әзірлесе, оқушыға «сынақ» қойылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет