Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Жаңа  оқу  жылында  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  бастауыш



Pdf көрінісі
бет24/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   416
Жаңа  оқу  жылында  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  бастауыш, 
негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  білім  алушылардың  базалық  білімін 
тексеруге  бағытталған  бағалаудың  жаңа  моделі  –  білім  алушылардың 
білім жетістіктерінің мониторингімен (бұдан әрі – ББЖМ) ауыстырылады. 
ББЖМ  өткізу  тәртібі  ҚР  БҒМ  2021  жылғы  5  мамырдағы  №204 
бұйрығымен  бекітілген  Білім  алушылардың  білім  жетістіктеріне  мониторинг 
жүргізу  қағидаларымен  реттеледі.  Қағидалар  орта  (бастауыш,  негізгі  орта, 
жалпы  орта)  білім  беру  ұйымдарының  меншік  нысанына,  ведомстволық 
бағыныстылығына, түріне қарамастан қолданылады. 
ББЖМ мемлекеттік бақылау түрі болып саналмайды,  білім алушы үшін 
де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды. 
ББЖМ  мақсаты  –  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерінің  ілгерілеуін 
ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру.  
4  және  9-сыныптар  үшін  ББЖМ  МЖМБС  талаптарына  сәйкес 
функционалдық  сауаттылық  деңгейін,  білім  мен  дағдыларды,  аналитикалық, 
логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін өткізіледі. 
ББЖМ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының 
базасында компьютер арқылы электронды форматта өткізілетін болады.   
ББЖМ өткізілетін білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын уәкілетті 
орган  анықтайтын  болады.  Іріктеу  параметрлеріне:  аумақтық  тиесілігі, 
ұйымның түрі, оқыту тілі, білім алушылар контингенті жатады. 
Алдыңғы  оқу  жылдарында  ББЖМ-ға  қатысқан  білім  беру  ұйымдары    
келесі жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.    
ББЖМ  өтетін  білім  беру  ұйымдарын  таңдау  бағдарламаға  тізімді  енгізу  
нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады. 
Белгіленген  аумақта  шектеу  шаралары  мен  төтенше  жағдай  енгізілген 
жағдайларда  уәкілетті  орган  ББЖМ  өткізуді  кейінге  қалдыру  туралы  шешім 
қабылдайды. 


19 
 
Тест  тапсырмаларының  саны,  мазмұны  мен  түрі,  сондай-ақ  тестілеуге 
бөлінетін  сағаттардың  саны  МЖМБС-ға  сәйкес  тест  спецификациясымен 
анықталады.  Тест  спецификациясын  Ұлттық  тестілеу  орталығы  (ҰТО) 
әзірлейді. 
Білім  беру  ұйымдарында  ББЖМ  өткізу  қағидаларының  сақталуын 
бақылауды  ҚР  БҒМ  уәкілетті  өкілдері  (білім  беруді  басқарудың  облыстық, 
аудандық  органдарының,  білім  беру  саласындағы  сапаны  қамтамасыз  ету 
жөніндегі аумақтық департаменттердің) жүзеге асырады. 
Тестілеу  рәсімдерін  бағдарламалық  және  техникалық  қамтамасыз  етуді, 
ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді Ұлттық тестілеу орталығы уәкілетті 
орган белгілеген мерзімде жүзеге асырады. 
ББЖМ  нәтижелері,  оны  аяқтаған  күннен  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде 
білім  беру  ұйымдарына  хабарланады.  Сондай-ақ  білім  алушылардың 
нәтижелері  тестілеу  аяқталғаннан  кейін  компьютер  экранында  бірден 
көрсетіледі. 
ББЖМ нәтижелері бойынша әрбір білім беру ұйымы кері байланыс алады 
– білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар түрінде әдістемелік көмек 
алады, бұл: 
1)  білім  беру  сапасына  әсер  ететін  факторларды  (білім  алушылардың 
оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар, педагогтердің кәсіби 
дамуына қажеттілік) анықтауға
2)  әдістемелік  қолдау  көрсетуді  қажет  ететін  білім  беру  ұйымдарын 
анықтауға; 
3)  білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық  әлеуетін  күшейтуге  ықпал 
етеді. 
Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  кешенді  талдау 
жұмысын  жүргізе  отырып,  әрбір  өңірдегі  әрбір  мектеп  бойынша  әдістемелік 
ұсынымдар әзірлейтін болады. 
Білім  беру  ұйымдары  педагогке  оқу  процесін  жоспарлау  үшін  қажетті 
оқытудың  белгілі  бір  кезеңдеріндегі  білім  алушылар  жетістіктерінің  деңгейі 
туралы  қорытынды  ақпаратты;  педагогтер  мен  мектептің  қызметін,  оқу 
бағдарламасының  меңгерілуін  бағалауға  қажетті  сынып  пен  мектептің 
жетістіктері  туралы  ақпаратты;  ата-аналар  үшін  олардың  балаларының  білім 
жетістіктері туралы ақпаратты алады. 
ББЖМ  нәтижелері  туралы  ақпарат  уәкілетті  органның  интернет-
ресурсында орналастырылады.  
 
2021-2022  оқу  жылында  білім  беру  ұйымдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет