223
жанрын, мәтіннің типтерін және әр типке тиісті қолданылатын тілдік
құралдарын ажырата білуден тұрады;
2) мәтінтудыру мәтіннің мазмұнын айту кезінде орфоэпиялық
нормаларды сақтаудан бастап, тіл мәдениетінің талаптарын орындай отырып,
шешен сөйлеу деңгейіне жетуді көздейді. Орфография және пунктуация
талаптарын сақтай отырып, барлық стильдер мен жанрларда мәтін жаза алу
арқылы мәтінтудыру дағдысын жетілдіруді көздейді;
3) әдеби тіл нормалары айту және жазу әрекеті кезінде лексика-
грамматикалық нормаларды, оның ережелерін және ерекшеліктерін қатаң
сақтауды үйретуді көздейді.
«Мәтінтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіннің мазмұнын тану;
2) мәтіннің стилі мен жанрын тану.
«Мәтінтудыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде айтылым, жазылым
дағдыларын жетілдіру;
2) ресми іс-қағаздары стилінде айтылым, жазылым дағдыларын
жетілдіру;
3) публицистикалық стильде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру;
4) ғылыми стильде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) лексика-грамматикалық норма;
2) айтылым-жазылым нормалары (орфография, орфоэпия, пунтуация).
Достарыңызбен бөлісу: