294
«Адамзат әлемі» атты төртінші тарауда оқушылардың адамзаттың мәдени
мұраларына ізгілікті қатынасын дамытуға, өздерінің адамдық болмысы мен
ақиқатқа жетудің өзіндік жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған
тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты
оқушылардың
жалпыадамзаттық
құндылықтар
туралы
мәліметтерді,
адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және
болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы
тұжырымдауын көздейді. Бұл тараудың бағдарламасын зерделеу жоғарғы
сынып оқушыларының басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи,
мәдени және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу
жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның жоғары басымдықтарға ие
екендігін терең ұғынуы арқылы жүзеге асырылатындығы пайымдалады.
Бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті
шарты ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы оқушылардың
түсініктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Аталған тарау орта мектептегі
өзін-өзі тану курсының қорытынды бөлімі болып табылады және әр оқушының
ұлан-байтақ өмірлік кеңістіктегі өз рөлін, адамзаттың тұрмыстық міндеттерін
атқарудағы алатын өзіндік орнын және әркімнің еңбегіне, дарынына және
шығармашылығына сұраныс болатындай болашақты құруды ұғына алуларына
бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына адам үшін
маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына көмегін тигізеді.
10-11-сыныптардың
игеруіне ұсынылып отырған бағдарламаның
өзгешелігі бұрын оқығандарын жинақтауға бағытталған, үлкен өмірге аяқ
басқан орта мектеп түлегіне қажетті жиынтық болып табылатын құзыреттілігін
одан әрі дамыту мен орнықтыруды мақсат ете отырып, оқушылардың басты
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету болып табылады.
Мұғалім сабақ барысында, оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдану
арқылы мұғалім мен оқушының арасында сенімділік атмосферасын құрады.
Достарыңызбен бөлісу: