329
Жаңартылған мазмұн бағдарламалары бойынша білім алуға көшкен
сыныптардағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау
жүйесі бойынша жүзеге асырылады.
Күндізгі оқу нысанындағы сыныптың толықтырылуы 20 адамды құрайды,
сырттай оқу нысанындағы сыныптың толықтырылуы кемінде 10 адамды құрайды,
жеке оқыту нысанындағы сырттай оқу топтарында сыныптың толықтырылуы
1-ден 8 адамды құрайды
(ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі «Жалпы білім
беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)
түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 375
бұйрығы,
4-тарау, 49, 55-б.)
Ерекше жағдайлар туындаған жағдайда (ауру, мүгедектік, декреттік
демалыс, 3 жасқа дейінгі баланы күту, отбасындағы жалғыз бала емізу) және
қойылатын талаптарға сәйкес келетін жағдайлар болған жағдайда кешкі мектепте
қашықтан оқыту технологиясын жүзеге асыруға болады.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін бағдарламаны игеру
бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп
түлектеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білімі туралы
мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша
34 аптаны, сырттай оқу нысаны бойынша да 34 аптаны құрайды
(ҚР БҒМ
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 53-54-қосымшаларына сәйкес).
Күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушыларды аттестаттау –
тоқсан бойынша, сырттай оқу нысаны бойынша білім алушыларды аттестаттау
жартыжылдық бойынша жүргізіледі.
Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін айқындауда, аттестаттау
тәртібі мен мерзімділігін таңдауда дербес болады
(ҚР БҒМ 2013 жылғы
17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы, 4- б., 65-тармақ)
.
ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген
«Экстернат нысанында оқыту ережесіне» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №225 бұйрығымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген.
Экстернат нысанында оқыту қағидалары негізгі орта және жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды:
1. Экстернат нысанында оқытуды әрбір жалпы білім беретін мектепте бөлек
ұйымдастыру ұсынылады.
2. Ережелерде көрсетілген санаттарға сәйкес мектепке экстерн қабылдау
ұсынылады. Қандай да бір шектеулердің жоқтығына қарамастан, барлық білім
алушылар экстернат арқылы білім ала алмайды (Ережені қараңыз). Бірінші кезекте
бұл оқытудың осы түрінің ерекшелігіне байланысты.
Кешкі мектеп 18 жасқа толған, ҚР аумағында тұратын, жұмыс істейтін және
жұмыс істемейтін, бірақ қандай да бір себептермен орта білім алмаған және
күндізгі, сырттай, жеке, қашықтықтан оқыту нысандары бойынша оқуға
мүмкіндігі жоқ адамдарды экстернат нысанында оқыту үшін шешімді дербес
қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: