Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет388/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   416
9. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
 
2021-2022  оқу  жылында  критериалды  бағалау  жүйесі  2-11-сыныптарда  жүзеге 
асырылады. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 
2016  жылдан  бастап  енгізілген  критериалды  бағалау  нақты  өлшенетін 
критерийлер  негізінде  бағалауды  жүргізуге,  білім  алушылардың  өз  оқу  іс-әрекетін 
бақылауға  және  бағалауға,  оқу  процесін  түзетуге,  оқу  процесінде  туындайтын 
қиындықтардың себептерін анықтау мен жою қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқуда ілгерілеу, балаларды 
оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу жетістіктерін 
көрсету мақсатында формативті бағалауды пайдалану ұсынылады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдысының даму деңгейін бағалауға 
мүмкіндік  береді.  Әрбір  сабақ  оқу  мақсатын  және  оларға  қол  жеткізу  критерийлерін 
айтып, көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу мақсатын ұғынуы керек  
және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек. 
Критериалды  бағалау  технологиясы  білім  алушылардың  жетістіктері    нақты 
анықталғанын,  алдын  ала  белгілі  өлшемдермен  салыстыруға  негізделгенін,  оқу 
материалының 
қаншалықты 
табысты 
игерілгендігін, 
практикалық 
дағды 
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.  
Педагог,  ата-аналар  және  білім  алушыларға  көмек  ретінде  әзірленген 
нормативтік  құқықтық  актілер  мен  әдістемелік  материалдарға  сәйкес  бағалауды 
жүргізуі тиіс: 
-  «Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды 


359 
 
мемлекеттік  аттестаттау  жүргізудің  үлгі  ережесін  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  -нің  2008 
жылғы  18  наурыздағы  №  125  бұйрығы  (2020  жылғы  28  тамыздағы  өзгерістер  мен 
толықтыруларға сәйкес);     
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау 
мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;  
- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; 
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 
бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал; 
-  сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  формативті  бағалау  бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
-  сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  жиынтық  бағалау  бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
-  сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  жиынтық  бағалау  бойынша 
әдістемелік ұсынымдар; 
Әдістемелік әзірлемелерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет