«Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру» жобасын іске асыру педагогтерге «Тәуекел тобындағы»
балаларды анықтауға және оларға уақытылы көмек көрсетуге көмектеседі.
Сондай-ақ 2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген
«Әдепті адам – әдемі адам» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымды пайдалану маңызды: балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік құбылыстардың, нашақорлықтың, темекі шегудің және маскүнемдіктің алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды қолдану маңызды. https://www.nao.kz.). «Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген бейнематериалдар
педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік көмек ретінде тегін ұсынылады
(сайттарға
сілтеме:
https://zhastar.org/application/parentspage,
https://zhastar.org/application/ studentspage#1).