Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет46/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   416
(https://www.nao.kz). 
 
4) 
Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды 
қалыптастыру: 
отбасы  мүшелері  арасындағы  сыйласымдылық,  үлкенді 
құрметтеу,  ананы  сыйлау,  әкені  қадір  тұту,  отбасы  берекесі,  отбасылық 
дәстүрлер,  бауырмалдық,  туысқандық,  денсаулыққа  қамқорлық,  салт-дәстүр 
сабақтастығы, сүйіспеншілік. 
Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды 
тәрбиелеу  –  қазіргі  уақыттың  өзекті  мәселесі.  Отбасылық  құндылықтар  мен 
ұлттық  тәрбие  мәселелері  мектептердің  тәрбие  жұмысында,  балалардың  бос 
уақытын  ұйымдастыру  аясында  қосымша  білім  беруде,  мәдени-бұқаралық  іс-
шараларда,  конкурстар  мен  сынып  сағаттарында,  ата-аналар  жиналыстарында, 
үйірме  жұмыстарында,  сондай-ақ  еңбек  тәрбиесінде,  бірлесіп  еңбек  етуде 
көрініс табуы тиіс. 
Ата-аналар  жиналыстарын  дәстүрлі  емес  форматта  өткізу:  «Кәсіби 
мамандарды  шақыра  отырып  баспасөз  конференциялары»,  «Ата-аналар 
сенбіліктері»,  «Психологиялық  тренинг»,  «Отбасын  таныстыру»,  «Тәжірибе 
алмасу» және т.б. ұсынылады. 
Оқушылар  «Ауылдағы  2  апта»,  «Ата-анамыздың  жұмыс  орнындағы  
он  күн»  жобалары  аясында  өздерінің  жан-жақты  дамуы  мен  шығармашылық 
әлеуетін жүзеге асыра алады (НЗМ тәжірибесі бойынша).  
«Отбасы  –мектеп»  жобасы  отбасының  тәрбиелік  әлеуетін,  білім  беру 
ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру 


31 
 
және  отбасылық  тәрбиені  жақсарту  үшін  педагогтердің  әлеуетін  арттыруға 
бағытталған. 
Ата-аналарға  арналған  лекториялар,  ата-аналар  кештерін,  Ашық  есік 
күндерін,  тренингтер  өткізу,  «Ата  мектебі»,  «Әже  мектебі»,  «Әке  мектебі», 
«Ана  мектебін»  құру  ұсынылады.  Бұл  мектептерді  құрудың  мақсаты  –  бала 
тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.  
Ата-аналардың,  қоғамның,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қатысуымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет