Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет100/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   416
2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 
2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады.  
3-сыныпқа  арналған  «Цифрлық  сауаттылық»  оқу  пәнінің  базалық 
мазмұны: 
1) 
«Компьютер»: 
компьютер 
құрылғылары: 
таңба 
регистрін, 
пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. 
Программалық  қамтамасыз  ету:  қолданбалы  программаларда  «қызу» 
клавиштерді  пайдалану.  Қауіпсіздік:  Интернет  желісінде  жұмыс  істеуде  жеке 
қауіпсіздігінің негізгі ережелері. 
2)  «Ақпаратты  ұсыну  және  өңдеу»:  мәтінді  теру  ережелері;  маркіленген 
және  нөмірленген  тізімдер;  мәтінді  өңдеу;  шрифт  пен  абзацты  пішімдеу 
(жазылуы,  түсі,  тегістеу);  кесу,  көшіру,  белгіленген  мәтінді  құжатқа  қою; 
мәтінге  суретті  қою  және  орналастырылуын  реттеу;  Презентациялар: 
презентация  конструкторы;  программа  мәзірі;  презентацияның  ашылуы  мен 
сақталуы;  мәтінді  және  суреттерді  слайдқа  орналастыру;  слайдтар  арасында 
ауысу;  презентация  дизайны.  Графика:  фотосуреттерді  өңдеуге  арналған 
программа (жарықтық, контраст, жиектеме); 
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін 
іздеу.  Ақпарат  алмасу:  желідегі  ақпарат  алмасу  жолдары;  жоба  бойынша 
бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану. 
4) «Есептей білу». 
Алгоритмдер: 
цикл; 
циклдік 
алгоритмді 
іске 
асыру 
кезінде 
орындаушының командалар жүйесі. 
Программалау:  программалау  ойын  алаңын  құру  барысында  алгоритмді 
жүзеге  асыру;  дайын  сценарий  бойынша  ойын  әзірлеу;  программалау  ойын 
алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу. 
5) «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын 
күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
 
3-сыныптың  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарын  меңгеру  үшін 
мынадай  ұсынымдар беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет