Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бағытындағы іс- әрекеттерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар 1-тоқсанда:
5-сынып пен 6-сынып арасындағы сабақтастықты сақтау;
4-сыныптан келген баланың жеке ерекшеліктерін ескеру.
7-сыныпта
білім алушының «Биология», «Химия», «Физика»,
«География» пәндерінде 6-сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнымен
сабақтастығын және алған білім деңгейін ескеру.
1-ұсыныс: 1) 5-сыныпқа келген білім алушыларға арнайы фокус-жоспар құру;
2) бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен алған білімдеріне талдау
жасау;
3) «Биология», «Химия», «Физика», «География» пәндерінің жоспарына
сәйкес 6-сыныптағы мазмұнмен сабақтастықты сақтай отырып, жоспар жасау.
2-ұсыныс: 1) «Биология», «Химия», «Физика», «География» пәндерінің әдістемелік
бірлестігі оқушылардың біліктілігін анықтау жұмыстарын жүргізуі тиіс.