200
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі
әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету,
әмбебап (тұрмыстық), арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар
мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй
шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын
иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет
түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем
еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.
Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ,
сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын
дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері
қосылған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді,
жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген
жоқ») деген белгі жазылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
мен жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық
шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы 6-сыныптан бастап, негізгі
орта мектеп деңгейінде «Сәндік-қолданбалы өнер», «Дизайн және технология»
бөлімдерінде бұйымның эскиздерін таныстыру және әзірлеу, материалдар мен
құралдарды таңдау, оларды дайындау үшін қол электр құралдарымен және
жабдықтарымен қатар компьютерлік модельдеу мүмкіндіктері қолданылады.
Тәжірибелік жұмыстар, құрастырмалы бөлшектерден роботтарды әзірлеу,
роботтардың пайда болу тарихы мен түрлері (өз бетінше зерттеу), робот жасау
үшін эскизді әзірлеу, робот жасау үшін материалдарды дайындау, робот жасау,
роботтың жылжымалы бөліктерін жасау бойынша эксперимент, көлік
құралдарының түрлері туралы жалпы мәліметтер (өз бетінше зерттеу), көлік
құралының моделін әзірлеу, эскиз, материалдарды іріктеу, көлік құралының
моделін жасау, модельдің жекелеген бөліктерін жасау, модельді құрастыру
және өңдеу, жұмыстарды таныстыру.
«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері
және
технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар
бейнелеу өнері,
еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай
құрастырылған.
«Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес
екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады.
Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат бөлінгенін ескере отырып, осы
пәнді жүргізетін педагогтердің сағаттарының жоғалуы туралы алаңдау
негізсіз.
Достарыңызбен бөлісу: