Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Абай  мектептері»  желісіндегі  оқу  процесі



Pdf көрінісі
бет255/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   416
«Абай  мектептері»  желісіндегі  оқу  процесі
  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  
27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 
қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдете  оқытатын  гуманитарлық  бағыттағы 
мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған 
«Қазақ  тілі»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасымен 
(оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.  
«Қазақ  тілі»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  мемлекеттік  тілді  қадірлейтін, 
қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға  қалыптастыру,  қазақ  әдеби  тілі  нормаларын 
сақтап,  дұрыс  қолдана  білуге,  шығармашылыққа  үйретуге,  ең  бастысы,  орта 
мектепке сай лингвистикалық білім беру. 
«Қазақ тілі» оқу пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі міндеттері:  
1) қазақ тілін Қазақстан Республикасының аумағында қоғамның барлық 
салаларында  еркін  қолдана  білуі  үшін  білім  алушының  коммуникативтік 
дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету; 
2)  мәтіннің  типтерін,  стилін,  жанрын  тану  үшін  мәтінді  құрайтын 
барлық  тілдік  құралдарды:  синтаксистік  құрылымдарды,  лексикалық 
бірліктерді, сөздің дыбыстық және морфемдік құрамын тануға үйрету; 
3)  ауызша  және  жазбаша  мәтінтудыру  дағдыларын  жетілдіру  үшін 
орфоэпия  және  орфография  нормаларын  білу,  сөйлеу  мәдениетін  және 
шешендік  өнерді  меңгеру,  түрлі  стильдер  мен  жанрларда  мәтінтудыру 
тәсілдерін жетілдіру. 


224 
 
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 
2) 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат. 
Оқу  мақсаттары  қазақ  тілін  ғылыми  пән  ретінде  оқитын  білім 
алушыларға мәтінтану мен мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру арқылы өмірге 
қажет функционалды білім беруді көздейді. Мұның өзі орта мектеп деңгейіне 
сай лингвистикалық білім алуға негізделеді. Оқу мазмұны 3 бөлімнен тұрады: 
1) мәтінтану тыңдау және оқу арқылы мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі 
және  қосымша  ойды  таба  білу,  мәтін  бойынша  сұрақтар  құрастыра  білу, 
әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алумен қатар мәтіннің стилі мен 
жанрын,  мәтіннің  типтерін  және  әр  типке  тиісті  қолданылатын  тілдік 
құралдарын ажырата білуден тұрады;  
2)  мәтінтудыру  мәтіннің  мазмұнын  айту  кезінде  орфоэпиялық 
нормаларды сақтаудан бастап, тіл мәдениетінің талаптарын орындай отырып, 
шешен  сөйлеу  деңгейіне  жетуді  көздейді.  Орфография  және  пунктуация 
талаптарын  сақтай  отырып,  барлық  стильдер  мен  жанрларда  мәтін  жаза  алу 
арқылы мәтінтудыру дағдысын жетілдіруді көздейді;  
3)  әдеби  тіл  нормалары  айту  және  жазу  әрекеті  кезінде  лексика-
грамматикалық  нормаларды,  оның  ережелерін  және  ерекшеліктерін  қатаң 
сақтауды үйретуді көздейді.  
«Мәтінтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1) мәтіннің мазмұнын тану; 
2) мәтіннің стилі мен жанрын тану. 
«Мәтінтудыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1) ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде айтылым, жазылым 
дағдыларын жетілдіру; 
2)  ресми  іс-қағаздары  стилінде  айтылым,  жазылым  дағдыларын 
жетілдіру; 
3) публицистикалық стильде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру; 
4) ғылыми стильде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру. 
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 
1) лексика-грамматикалық норма; 
2) айтылым-жазылым нормалары (орфография, орфоэпия, пунтуация). 
10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны: 
мәтінтану, мәтінтудыру, әдеби тіл нормаларын сақтау, орфографиялық норма, 
орфоэпиялық норма, пунктуациялық нормаға негізделіп құрылған.  
«Абай  мектептеріне»  арналған  жаңартылған  оқу  бағдарламасының 
ерекшелігі бағдарлама лексикалық тақырыптарға негізделіп жасалған. 
Оқу  бағдарламасына  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  лексикалық 
тақырыптар енгізілген:  
1. Қазақстанның бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі  
2. Жастар мәдениеті және мәселесі  
3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция  
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстар  


225 
 
5. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика  
6. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау  
7. Табиғат және экология  
8. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография  
9. Еңбек нарығы және сұраныс  
«Абай  мектептеріне»  арналған  жаңартылған  оқу  бағдарламасындағы 
грамматиканың  берілуі:  лексика-грамматикалық  бөлім,  грамматикалық 
материал, сөйлеу әрекетінің түрлері және оқыту мақсаттарынан тұрады. 
Мысалы, 
Лексика-грамматикалық  бөлім:
  1.  Қазақстан  бейнесі. 
Қазақстанның  өткені мен  келешегі. Шешендік сөздер. 
Грамматикалық  материал:
  Ойталқы  (диспут).  Ғылыми  стильдің  тілдік 
ерекшеліктері. 
Сөйлеу  әрекетінің  түрлері:
  тыңдалым  және  айтылым,  оқылым, 
жазылым, әдеби тіл нормаларынан тұрады.  
1.  «Абай  мектептерінде»  грамматиканы  оқытуда  мәтінтануға  үйрететін 
міндеттер: 
Мазмұнын тану. ҰМЖ-дағы мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр 
деген  сияқты  мазмұнды  түсінуге  бағытталған  жаттығулар  құрастырудан 
тұрады (бағдарламада нақты көрсетілген). 
Стилі  мен  жанрын  тануда  әр  стильге,  әр  жанрға  тән  тілдік 
қолданыстарды  ажырату  үшін  мәтін  ішіндегі  тіл  құралдарын  түстеп  таныту 
арқылы орта мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар). 
2.  Мәтін  тудыру  дағдысын  қалыптастырудағы  айтылым  бөлімінде: 
айтылым  кезінде  ерін  үндестігі  мен  буын  үндестігін  сақтау,  сөйлеу 
техникасын  жетілдіру,  сөйлеу  мәдениетін  сақтау  арқылы  шешендік  өнердің 
қырларын меңгерту (5-11).  
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып, 
қарапайым  диктант,  мазмұндама  жазудан  бастап  түрлі  стильдегі  және 
жанрдағы  мәтіндерді  (эссе)  жазу  дағдыларын  жетік  меңгеру.  Мәтіндерді 
типтей білу (5-11-сыныптар) берілген. 
Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен 
әдебиетін  тереңдете  оқытатын  гуманитарлық  бағыттағы  мамандандырылған 
желілік  «Абай  мектептерінің»  10-11-сыныптарына  арналған  «Қазақ  тілі» 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді 
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып 
бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген. 
Тоқсандағы  бөлімдер  және  бөлімшелер  ішіндегі  тақырыптар  бойынша 
сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады. 
«Абай  мектептері»  желісіне  арналған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет