248
2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10-11-сыныптарда «Алгебра
және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 2 сағат бөлінген. Осыған
байланысты жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларында берілген
«Математикалық статистика элементтері» бөлімі (Басты жиын және таңдама.
Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық
сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау) қысқартылды.
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының»
14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен
артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның) сәйкес
жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта
оқытылатын «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінен өткізілетін бөлім
бойынша жиынтық бағалау саны 75-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: