271
11.2.2.3 - компьютерлік бағдарламаларды қолданып тақырыптық карта-
сызбалар жасау.
Картография мен геоинформатика арасында байланыс орнату оқу
мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру ұсынылады;
3. Табиғатты пайдалану және геоэкология. 3.1 Табиғатты пайдалану.
Табиғатты пайдалануды реттеу:
11.3.1.1 - шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғатты
пайдалануды реттеу механизмін талдау;
11.3.1.2 - табиғатты пайдалану түрлерінің заңнамалық тәртіппен
бекітілген нормаларға сәйкестігін анықтау (жергілікті/аймақтық компоненттің
негізінде) Табиғатты қорғау шаралары;
11.3.1.3 - табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне баға беру
(жергілікті/аймақтық компонентті қосымша қамту негізінде) Табиғатты
қорғауда жеке тұлғаның рөлі;
11.3.1.4 - жеке тұлғаның табиғатты пайдаланудағы рөлін анықтап,
«экологиялық ізін» есептеу;
1.1Жалпыгеография:
11.1.1.1 - зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін
қолдану әдістері;
11.1.1.2 - зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін
қолдану;
Табиғатты пайдалану және геоэкология бөліміне бағдарлама бойынша
қайталанулары өте көп сағат саны артығымен берілгендіктен, шолу арқылы
қайталау ұсынылады.
Географиядағы геоэкономика, геосаясат, елтану материалдары көлемі
жағынан ықшамдалған. Қосымша сабақтарда, қайталау ретінде ірі мемлекеттер,
көрші жатқан елдер мысалында түсіндірген орынды. Оқушыларға физикалық,
экономикалық географиялық, геосаяси түрғыда түсініктер қалыптастыру
ұсынылады.
«География» пәнінен білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша
жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытудың келесі белсенді және интерактивті
әдістерін қолдану қажет:
- географиялық деректер базасын пайдалана отырып информатикадан
алған білім негізінде картографиялық сауаттылықты арттыру;
- пікірталастар, сараптамалық жұмыстар жүргізіп қоршаған орта
экологиясына назар аудару;
- экологиялық сауаттылықты жолға қою, жүргізу;
- қарапайым карта схемалар, аудандастырулар жасауда жергілікті жер
компонентерін кеңінен пайдалану, жобалау;
- нақты жағдайды талдау нәтижесінде оқыту т.б.
Достарыңызбен бөлісу: