Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет45/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   416
Дәстүр  мен  ғұрып
»  жобасы  іске 
асырылатын болады.   
 


30 
 
Әрбір  халық  өзінің  төл  мәдениетін,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасатын  салт-
дәстүрлерін,  әдет-ғұрыптарын  сақтауы  тиіс.  Дәстүр  жастарды  тәрбиелеуде, 
ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.  
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау қажет. 
Бұл  жағдайда  қазақ  халқының  мәдени  мұрасын,  салт-дәстүрлерін,  сондай-ақ 
ұлттық тағамдарын т.б. зерделеу – өзекті міндеттердің бірі. 
Оқушылар  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілін,  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  атрибуттары:  мемлекеттік  рәміздерін  білуі  тиіс.  Осы  негізде 
конкурстар  мен  олимпиадаларды  тұрақты  түрде    өткізу;  әрбір  мектепте 
мұражай  ашу;  көрнекті  тұлғалармен,  даңқты  спортшылармен,  ғалымдармен, 
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының білім алушылармен 
кездесулерін  өткізу;  сондай-ақ  өңірдің  тарихи-мәдени  мұра  объектілерінде 
мектеп  оқушылары  үшін  өлкетану  бойынша  тақырыптық  сабақтар  өткізу 
өзектілігін жоғалтпайды. 
Аталған  бағыт  шеңберінде:  «Менің  Отаным  –  Қазақстан»  (балалар  мен 
жасөспірімдер  туризмі  мен  өлкетануды  дамыту,  экспедициялар,  саяхат, 
экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық 
білімі  мен  мектеп  туризмін,  тарихи-археологиялық  қозғалысты  жандандыру, 
туған  өлкенің  тарихын,  мәдениетін, дәстүрін  терең  зерттеу)  «Табиғатым  –  тал 
бесігім»  (туған  жерге  жауапкершілікпен,  аялап  қарау)  жобаларын  жүзеге 
асыруды жалғастыру маңызды. 
 «Дәстүр  мен  ғұрып»  жобасын  іске  асыру  үшін  академия  әзірлеген 
«Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» 
жобасы  бойынша  тәрбие  жұмысының  модельдері»  әдістемелік  ұсынымдары  
әдістемелік нұсқаулық болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет