Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет54/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   416
 
«Ұшқыр 
ой 
алаңы» 
оқушылардың 
дебаттық 
қозғалысы»
 
жалпыұлттық  мәдени-білім  беру  жобасын  іске  асыру  білім  алушылардың 
командада  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыруға,  қарама-қарсы  пікірге 
құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге 
мүмкіндік  береді.  Пікірсайыс  қозғалысының  мақсаты-қоғамда  орын  алған 
проблемаларды  жария  талқылау  және  талдау  арқылы  білім  алушылардың 
әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру. 
Пікірсайыс  қозғалысының  міндеттері:  білім  алушылардың  құқықтық 
мәдениетін,  азаматтық  белсенділігін,  жауапкершілігін,  шығармашылық  және 
сыни  ойлау,  даулы  жағдайларды  дипломатиялық  жолмен  шешу  қабілетін 
қалыптастыру; мәдени-танымдық және ағартушылық қызметтің инновациялық 
модельдері  мен  технологияларын  пайдалана  отырып,  еліміздің  әрбір  өңірінде 
әрбір  білім  беру  ұйымында,  клубтарда  пікірсайыс  орталықтарын  құру. 
Пікірсайыс  қозғалысына  қатысушылар  ашықтық,  жүйелілік,  еріктілік, 
ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын 
басшылыққа алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет