42
- балалар материалдарға күніне кемінде 1 сағат еркін қол жеткізе алуы
керек (яғни балалар әрекеттер мен материалдарды / ойыншықтарды өздері
таңдай алады);
- балалардың өздері әрекетті таңдайды (дербестігі мен бастамасын қолдау
үшін) және өз ойларын жүзеге асырады;
- балалардың еркін ойнауға мүмкіндігі бар (балалар тек педагогтің
нұсқауларын ғана орындамай, бастаманы өздері де ұсына алады).
Педагогтер балаларға жылы қарым-қатынас, достық қарым-қатынас,
балалармен сөйлесу арқылы эмоционалды қолдау көрсетеді, балалардың
дербестік танытуын қолдайды және барлық балалардың жеке
ерекшеліктері мен
қажеттіліктерін ескереді. Педагогтер балаларға кез-келген тыйымдар мен
ережелердің себептерін түсіндіреді, тек тыйым салып қана қоймай, оны
түсіндіреді.
Педагогтер сабақтарды әдеттегі форматта ғана емес, ойындар,
белсенділік, шығармашылық арқылы да өткізудің әртүрлі нұсқаларын ойлап
таба алады.
Мектепалды даярлық сыныбы түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен және
мазмұнымен негізделген және «Стандарттың қосымшасында туғаннан бастап
1-сыныпқа қабылданға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының
тізбесінде» берілген тәрбиеленушінің жетістіктерінің күтілетін нәтижелерін
қамтиды https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес
мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу
үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.
Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды орындайды:
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу іс-әрекетін өткізеді;
перспективалық жоспар мен циклограмма
құрастырады;
режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау,
таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық,
танымдық, эксперименттік, дербес және т.б.), жеке жұмыс, сауықтыру
шаралары және т. б.);
диагностика (бастапқы, аралық және қорытынды) арқылы балалардың
біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;
ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (жиналыстар,
педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.) қатысады;
ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс-
шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді.
Жалпы білім беретін мектептер жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына
жеткен, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық
сыныптарына бармаған балалар үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін)
мектепалды даярлық курстары өткізіледі.