күнделікті санитарлық-залалсыздандыру шараларын жүргізу;
дезинфекциялау және жуу құралдарымен ылғалды тазалау;
ғимаратты желдету және кварцтау;
термометрмен өлшеу;
сыныпқа кабинет бекіту;
үзілістерді әртүрлі уақыттарға қою;
мектеп педагогтері мен техникалық қызметкерлерді вакцинациялау;
қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдарды ұйымдастыру;
ауысымдар бойынша оқу процесін ұйымдастыру;
ауқымды іс-шараларды өткізбеу;
асханалар жұмысын кесте бойынша ұйымдастыру;
медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың қызметі.
Ата-аналармен және білім алушылармен жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге (медицина қызметкерлерін шақыра отырып) ерекше назар аудару керек.
Профилактикалық екпелер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, қызметкерлер арасында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
Мектепке кіреберісте мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерге, балаларды мектепке жеткізетін ата-аналарға Ashyq қосымшасын қолдану, білім беру ұйымдарын жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз ету ұсынылады. Қауіпті аурулар тобындағы балалар, ата-аналары COVID-19-бен ауырған балалар және науқаспен байланыста болған балалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.