Қазақстан республикасының орта


МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ



бет175/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

6 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту мен оқытудың ерекшеліктері



  1. Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

Зиялы тұлғаны дамыту, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер және тілдерді тереңдетіп оқыту мен білім беруге бағытталған элитарлы білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР МЖМБС-2018,
«Типтік үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығы.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарын мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған типтік оқу жоспарлары негізінде «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес өздігінен әзірлейді.
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарлары білім беру ұйымының басшылығымен бекітіліп, ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы
24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) конкурстық негізде (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырып, қабылдайды.
Мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін конкурсқа қатысу құжаттарын қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 25 сәуіріне дейін жүргізіледі.
Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекенжайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты болады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

  2. ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. үміткердің электрондық мекенжайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

  4. үміткердің 3х4 мөлшеріндегі 2 дана фотосуреті.

«Дарын» орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ететін конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, «Дарын» орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды «Дарын» орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.
Конкурс Орталық белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 1-20 маусым аралығында өтеді.
Конкурс офлайн (тестілеу) режимінде өтеді.
Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша Орталық алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының
базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.
Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын Орталық қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.
Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.
7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

  • математика және логика – 55 сұрақ;

  • оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;

  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

6-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:

  • математика және логика – 35 сұрақ;

  • оқу сауаттылығы – 15 сұрақ;

  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

5-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:

  • математика және логика – 30 сұрақ;

  • оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.

Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта – 120 минут, 6 сыныпта

  • 90 минут, 5 сыныпта – 60 минут, (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толықтыру, сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді).

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны
«4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап «-1» коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап = жалпы қорытынды балл).
Нәтижелерді өңдеуді конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу «Дарын» орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет