Қазақстан республикасының орта



бет182/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

Жалпы орта білім деңгейі
Арнайы мектептер жағдайында 11-12-сыныптарда көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылар жалпы орта білім алады. Екі бағыт бойынша бейіндік оқыту жүзеге асырылуда: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдауды мектеп оқушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Оқу процесінің компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен арнайы сабақтарда қамтамасыз етіледі. Сабақтар топтық және жеке нысандарда өткізіледі:

  1. көру қабілеті бұзылған:

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды қалыптастыру (ӘТБ),

  • кеңістікте бағдарлауға;

  • мимика мен пантомимиканың дамуы;

  1. тірек-қимыл аппараты бұзылған:

  • емдік дене шынықтыру;

  • әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;

  1. есту қабілеті бұзылған білім алушылармен:

  • айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту;

  • ауызекі тілді дамыту;

  • ымдау тілін үйрену.



Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі
Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау кезінде оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау процесінде мұғалім оқушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңудің жолдарын анықтайды. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе әр оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына назар аудару қажет. Мұғалім сараланған және/немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы мектептерде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. Жартыжылдық және оқу жылының
соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері»,
«Дене шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Жүріс- тұрыс мәдениеті», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл психикалық дамуы тежелген білім алушылардың педагогикалық (В.В. Воронкова бойынша) классификациясына негізделген. Жетістіктерді бағалау кезінде әртүрлі типологиялық топтағы оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Нөлдік және 1-сыныптарда балдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы ілгерілеу нәтижесі оқушылардың өнімді іс-әрекетін, сөйлеу, жазбаша жұмыстар, суреттер, қолөнер және сабақтардағы іс-әрекеттерді бақылау деңгейін талдау негізінде анықталады және сипаттамалық сипатта болады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқыту мақсаттары негізінде жүзеге асырылатын критериалды сипаттамалық бағалау пайдаланылады. (Ақыл- есі кем адамдар диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА www.nao.kz сайтынан табуға болады.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет