Қазақстан республикасының орта



бет25/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады.

Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен спорт секцияларын кеңейту маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша оқушылар спартакиадасын дамыту қажет.
«Дене шынықтыру» пәнінің әрбір мұғалімі қосымша ақы есебінен үш спорттық секция жүргізеді.
Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі – білім алушыларды республикалық көпдеңгейлі балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназиада) қатысуға белсенділіктері мен мүмкіндіктерін арттыру.
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол және т. б.) бойынша мектеп спорт лигасын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әдістемелік базасы (https://www.nao.kz).
Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жоспарлаудың өзекті нысанын - ортақ мақсатпен, оларды орындау уақытымен біріктірілген өзара байланысты жобаларды қамтитын мегажобаны пайдалану ұсынылады.
Жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың сәтті шарттарының бірі – сынып жетекшісінің барлық жүзеге асырылатын шаралардың маңыздылығын түсінуі, тәрбие беру процесі шеңберіндегі іс-әрекеттің өзін-өзі талдай алуы.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгейді ескеру қажет.
Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білім алуы мен күнделікті өмірде әлеуметтік шынайылықты түсінуі.
Екінші деңгей – оқушының өмірлік тәжірибе мен қоғамның негізгі құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет) оң көзқарасы, жалпы әлеуметтік шынайылықты құндылық ретінде қабылдауы.
Үшінші деңгей – оқушының әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесіне өз бетінше ие болуы. Критерийлер: «Тәрбиелік іс-шара: қойылған мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу критерийлері (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімге табыну; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) әдістемелік ұсынымдарда сипатталған (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. 120 б.).
Білім беру ұйымдарында:

  1. білім алушылар педагогке аты-жөнін (есімі, әкесінің аты) немесе

«Мұғалім» деп айтады;

  1. педагог білім алушылардың есімін айтуы тиіс;

  2. сабақтың басталуы мен аяқталуы туралы хабардар болу үшін мектептерге дәстүрлі қоңырау үнін таңдау немесе Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынымдарына сәйкес, музыкалық әуендерді пайдалану ұсынылады: сабақтың басталуына – «төкпе күй», сабақтың аяқталуына – «шертпе күй».

  3. мектептер мен кабинеттерді безендіру кезінде сәйкес келмейтін атрибуттарды шамадан тыс қолданбау ұсынылады.

Мектеп пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасында балалардың мүддесі үшін өзара ынтымақтастық орнатуы тиіс. Осы мақсатта «Ата- аналардың қонақ бөлмесі», «Директорлық сенбі», «Педагогикалық консилимум» жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет