«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 53-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
7-сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
8-сынып
|
3
|
2
|
3
|
3
|
9-сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда «Биология» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан осы оқу жоспарымен оқытылатын «Биология» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Биология» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:
2021-2022 оқу жылында «Биология» пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы жүргізу ұсынылады. Аталған шараларды келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалық жұмыс:
пәннің оқу бағдарламасы мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);
тақырыптар бойынша білімдегі олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың және оқу мақсаттарының қиындық ретін анықтау;
Жоспарлау жұмысы:
пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкесті оқу мақсаттарын анықтау;
сәйкесті оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау;
пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары анықталған оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңестер кестесін жасау.
Жүзеге асыру және талдау жұмысы:
пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарын меңгерту;
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;
білім алушылардың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың келісімімен білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («демалыс мектептері», «каникулдық мектептер», «жазғы мектептер» ұйымдастыру) өткізуде пән бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту;
білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижесін талдау және әдістемелік бірлестікте талқылау ұсынылады.
«Биология» пәндері бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
Пән бойынша анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа топтастыру ұсынылады:
тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму;
ағза мен қоршаған орта;
қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Осылайша пән мазмұнының жүйесіне қарай топтастыру олқылықтың орнын толықтыруда реттілікті қамтамасыз етеді, зерттелетін тақырыптарды анықтау және қосымша білім беруді жоспарлау кезінде оқу мақсаттары арасындағы жүйелілікті сақтаған дұрыс.
7-сыныпта оқу жылының алғашқы апталарында 6-сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінен алған білімін ескеріп, сабақтастықты сақтау ұсынылады.
7-сыныпта 1-тоқсанда «Экожүйелер» бөлімін бастағанда 6-сыныптың
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанда өткен «Экология және тұрақты даму» бөлімін естеріне түсіріп, ондағы олқылықтарды жоюға болады.
Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін біріктіруге болатын оқу мақсаттары мысал ретінде ұсынылады:
«Экожүйелер» бөлімінде:
7-сыныптағы:
7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу; 7.3.2.1 адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау; 7.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру оқу мақсаттарын
6-сыныптағы: 6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсінду; 6.6.1.2 экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру; 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау; 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну оқу мақсаттарымен;
«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімінде:
8-сыныптағы:
8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану оқу мақсатын
сыныптағы: 7.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау;
«Тыныс алу» бөлімінде:
сыныптағы: 8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау; 8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру; 8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау оқу мақсаттарын
7-сыныптағы:
7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін танып білу; 7.1.4.6 тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру;
«Көбею» бөлімінде:
8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатын:
7.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау оқу мақсатымен;
«Қоректену» бөлімінде:
9-сыныптағы: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау оқу мақсатын
сыныптағы: 8.1.2.1 омыртқасыздар, күйіс қайыратын жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
«Тыныс алу» бөлімінде:
сыныптағы 9.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру; 9.1.4.2
бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру оқу мақсаттарын
сыныптағы: 8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау; 8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру;
8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау оқу мақсаттарымен;
«Бөліп шығару» бөлімінде:
сыныптағы: 9.1.5.1 нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;
фильтрация және несептің түзілуі үдерістерін сипаттау; 9.1.5.3 бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау; 9.1.5.4 зәр шығару жүйесі, бүйрек ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру; 9.1.5.5 әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасуларының соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату оқу мақсаттарын
сыныптағы: 8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау; 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу; 8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау; 8.1.5.4 тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру оқу мақсаттарымен;
«Қозғалыс» бөлімінде:
сыныптағы 9.1.6.1 қол бұлшық еттерінің максимальды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу; 9.1.6.2 бұлшық еттің жиырылужиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу оқу мақсаттарын
8-сыныптағы: 8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының қызметтері түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау 8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану оқу мақсаттарымен;
«Микробиология және биотехнология» бөлімінде: 8-сыныптағы:
8.4.3.1 қарапайымдылар, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустармен туындайтын аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шараларын сипаттау оқу мақсатын
7-сыныптағы:
7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау;
7.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер мен залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау; 7.4.3.4 вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру оқу мақсаттарымен біріктіруге болады.
«Биология» пәні бойынша білімдегі олқылықтарды жою үшін сабақты ұйымдастырудың бірнеше формасын қолдануға болады. Мысалы «Саябақтағы сабақ», «Таза ауадағы сабақ», «Табиғат аясында» деген сияқты формалар негізінде әлеуметтік арақашықтықты да сақтап, денсаулықты да нығайтуға болады.
«Биология» пәні мұғалімдеріне білім алушылардың денсаулығын сақтау мақсатында таза ауада жүргізуге болатын тақырыптар тізімі ұсынылады:
«Таза ауадағы сабақтар»
сыныпта:
Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).
Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)»;
Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы; Жапырақтың құрылысы мен қызметі;
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі;
сыныпта:
«Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»; Тыныс алудың минуттық көлемі;
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі;
Адамның табиғаттағы ролі. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау.
«Медбикемен сабақ» формасын мектептегі медициналық кабинетте шағын топтармен жүргізуге болады.
сыныпта:
Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері;
Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау;
Зертханалық жұмыс «Тізе рефлексі»;
Зертханалық жұмыс «Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу»
сыныпта:
Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы;
Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес;
Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері;
Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы.
Көру гигиенасы.
Зертханалық жұмыс «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу»;
Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері.
Есту мүшесінің гигиенасы.
Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау);
сыныпта медбике кабинетіне қыз балалармен мына сабақтарды жүргізу ұсынылады:
Менструалдық цикл: менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы;
Контрацепция түрлері;
Жыныстық жолмен берілетін аурулар
«Биология» пәнін оқытуда ең басты мақсат білім алушылардың функционалдық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болуы керек. Мысалы биологиялық білімнің нәтижесінде денсаулықты сақтау, нығайту, әртүрлі жұқпалы аурулардан қалай қорғану, алғашқы жәрдем көрсете білу, дұрыс тамақтану, тағам құрамындағы дәрумендердің түрлерін біліп, соған қарай тамақтану рационын құру, ауру туғызатын бактериялар мен вирустадан сақтану, үнемі иммунитетті көтеріп жүру сынды өмір бойы өзіне қажетті білімді алуы тиіс. Әрі қарай үлгі ретінде алдын ала болжаммен күрделі деген тақырыптар бойынша қосымша сабақтардың жоспарлары ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |