Қазақстан республикасының орта



бет100/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Grade

Language level

5

low-mid A2

6

mid-high A2

7

low B1

8

mid B1

9

high B1

«Ағылшын тілі» оқу пәнін оқыту үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы, оқу жылында меңгерілетін бөлімдер көрсетілген ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады. Педагог тоқсандағы бөлім бойынша өтетін тақырыптардың реті мен сағатын өзі дербес түрде анықтай алады.


5-9-сыныптарға «Ағылшын тілі» оқу пәні жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық жүйені сақтай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне негізделген.
Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында https://nao.kz/ орналастырылған.
Ағылшын тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, конференциялар, байқаулар, драматургия және т.б.) жан-жақты пайдалануды көздейді.
«Ағылшын тілі» пәнін оқыту барысында қолданылатын әдебиеттер тізіміне шектеу қойылмайды, керісінше білім алушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес әртүрлі ресурстарды пайдалану ұсынылады.
Формативті бағалау оқу мақсаттарына қол жеткізу барысын анықтау үшін және оқу процесін одан әрі құру үшін жүргізіледі. Бағалау ұсыныс беру арқылы жазбаша (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша түрде жүзеге асырылады.
Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларды кері байланыспен қамтамасыз етуі керек. Ағылшын тілі мұғалімі кері байланысты қажет ететін білім алушыларды және кері байланысты беру нысанын өзі анықтайды.
Білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы:

  • тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары кезінде;

  • карантин кезінде;

  • әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде формативті бағаланады. Аталған жағдайларда оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 5-9 сыныптарда БЖБ үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек.
Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нақты саны көрсетілген (36-кесте):

  1. кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2*

2*

2*

2*

6-сынып

2*

2*

2*

2*

7-сынып

2*

2*

2*

2*

8-сынып

2*

2*

2*

2*

9-сынып

2*

2*

2*

2*

  • Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

ТЖБ тілдік құзіреттіліктің барлық түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды тексеруді қамтиды. «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау ерекшеліктері https://smk.edu.kz/ сайтында орналастырылған. Аралық бақылау мен тоқсандық қорытынды үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтер өздері әзірлейді.


ТЖБ ұзақтығы - 45 минут. «Айтылым» дағдысы бөлек тексеріледі. ТЖБ үшін балл саны: 5-сыныпта – 20; 6-сыныпта – 22; 7-сыныпта – 24; 8-сыныпта – 24; 9-сыныпта – 24.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруға арналған ұсынымдар:

  1. Білім беру процесін қашықтықтан ұйымдастыру кезінде ағылшын тілінің педагогтеріне білім алушылармен тығыз кері байланыс орнату ұсынылады;

  2. Білім алушыларда ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін (аудио - бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар) қалыптастыру мақсатында оқытудың түпнұсқа материалдарын пайдалану; ағылшын тілінде сипаттау, салыстыру, талдау, диалог, пікірталас жүргізу, қажетті дәлелдер келтіру, қорытынды жасау және қорыту дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс істеу; анықтамалық және энциклопедиялық әдебиеттермен, электрондық ресурстармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру: білім алушыларда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жас ерекшеліктеріне сай мәтіндерді пайдалану ұсынылады.

  3. Білім алушылардың зерттеу дағдылары мен оқу дағдыларын дамытуға бағытталған «Independent project» және «reading for pleasure» бөлімдеріне назар аудару ұсынылады. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны (тақырыптық мазмұны, қызмет түрлері мен нысандары, күтілетін нәтижелер, бағалау нысандары және т.б.) мектеп әдістемелік бірлестіктері ішінде талқылау;

  4. Білім алушыларға шамадан тыс жүктеменің алдын алу мақсатында педагогке үй тапсырмасының көлемін реттеу ұсынылады (ҚР «Орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар», ҚР БҒМ 2017 жылғы «24» сәуірдегі 182 бұйрығы).

  5. Жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын дамытатын оқу мақсаттарына ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды көбірек орындаған жағдайда сабақтың коммуникативті сипаты өзгереді, оқу сапаасына нұқсан келуі мүмкін. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде педагог ауызша және жазбаша жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалардың санының сәйкестігін қарастыру қажет;

  6. Ағылшын тілінің мұғалімдеріне түрлі тапсырмаларды кезектестіріп, біріктіру ұсынылады: ауызша, жазбаша, міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар алдында сабақта дайындық жұмыстары жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет