Мемлекеттікбілімберуұйымдарынапедагогтердіжұмысқақабылдау конкурстықнегіздежүзегеасырылатынболады. Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға конкурстық комиссия құрылады.
Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бослауазымынаөткізіледі. Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.