Қазақстан республикасының орта



бет117/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Олқылықтардың орнын толықтырудың кезеңдері:

  1. қадам. Олқылықтарды анықтау. Диагностика жүргізу. Диагностикадан кейін оқушылардың біліміндегі олқылықтарды деңгейіне қарай күрделіден қарапайымға дейін жіктеп, бөлу. Бірінші орында негізгі базалық білімдегі олқылықтармен жұмыс: мысалы, заттар және олардың қасиеттері, периодтық заң, энергия түрлерін т.б. білулері керек. Мектепте, жалпы өмірде бұл ұғымдар үнемі қолданылады, сондықтан оларды бірінші кезекте меңгерту ұсынылады.

  2. қадам. Уақытты белгілеу. Анықталған олқылықтардың деңгейіне қарай оған жұмсалатын уақытты жоспарлау. Бір тақырыпқа бірнеше сағат бөлу не керісінше бір сабақтың ішіндегі белгілі бір уақыт жеткілікті болуы мүмкін. Мысалы, 6-сыныпта алдыңғы тақырыптардың мазмұнына назар аудара отырып, қайталамау жағын қарастыру.

  3. қадам. Оқыту әдісін таңдау. Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша шараларды таңдау үш факторға байланысты:

  • өткізілетін материалдың көлемі;

  • жоспарланған уақыт мөлшері;

  • баланың жас және жеке ерекшеліктері.

Білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарының формалары:

  1. Өзіндік жұмыстар Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырып, өз бетінше ізденуге тапсырма беру;

  2. Нақты мақсатқа бағытталған әрекеттер жасау.

Егер жекелеген оқушы немесе сыныптағы шағын топ қолдауды қажет етсе, нақты мақсатқа бағытталған қысқа сессиялар ұйымдастыру қажет.

  1. Сыныпты толық оқыту

Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса, бұл көп уақытты қажет етеді, бірақ білім алушылардың басым бөлігін қамтиды.
Білімдегі олқылықтарды толықтыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру формалары
1. Таза ауадағы сабақтар Жаратылыстану, биология, география, физика сабақтарын баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін арасында саябақтарда немесе аулада, таза ауада өткізу ұсынылады. Мысалы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша:
«Жаратылыстану» пәнінен:

  • деректерді жинау және жазу, макро және микроәлем, тірі табиғаттағы үдерістер;

  • физикалық және химиялық құбылыстар, ауа және ауаның құрамы;

  • жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу.

«Физика» пәнінен:

  • физикалық құбылыстар, кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау, механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық;

- ауа райы және метеорологиялық элементтер, атмосфералық қолайсыз құбылыстар, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, топырақ, оның құрамы мен
құрылымы, Қазақстанның топырақ түрлері, топырақтың экологиялық проблемалары, табиғи-аумақтық кешендер, табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы, табиғи-аумақтық кешендердің түрлері; туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу сынды тақырыптарды далада өткізсе, әрі қызықты әрі қауіпсіз болады.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет