«География»оқупәні «География» оқу пәнінің мазмұны мынадай жүйелі-әрекеттік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:
функционалдық білім мен дағдыларды, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс дағдыларын қалыптастыру, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау;
табиғатты, экономика мен қоғамды кешенді зерттеу негізінде әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану-ғылыми бейнесінің негізіндегі іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми танудың әдістерін, адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдету;
экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамыту;
патриоттық сезімге, қоршаған ортаға жауапкершілікпен, ұқыппен қарауға тәрбиелеу;
жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды жүзеге асыру.
Бағдарламаның спиральді құрылымына байланысты 8-сыныптағы пәннің мазмұнына сай білім алушылардың өткен оқу жылында алған білімі мен дағдыларын дамытады.
«Географиялық зерттеулер әдістері» бөлімі бойынша географиялық ақпаратты визуализациялау, далалық, картографиялық, теориялық әдістерді өз зерттеулерінде қолдану, сандық және сапалық деректерді өңдеу, талдау, иммитациялық, графикалық, мәтіндік, математикалық және өзге де үлгілерді жасау, жұмыс нәтижелерін әртүрлі нысанда ұсыну дағдыларын одан әрі дамытуға назар аудару қажет.
«Картография және географиялық мәліметтер базасы» бөлімі бойынша білім алушыларды тақырыптық карталарды қалай жіктеуге болатынын және оқуға, сондай-ақ оларға қосымша сипаттама элементтерін: профильді, диаграммаларды, графиктерді, кестелерді құруға үйрету қажет.
Білім алушылардың географиялық номенклатура объектілерімен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту қажет. Сөйлеу дағдыларын дамытумен бірге оқушылар картаға географиялық нысандарды сенімді түрде көрсетуді, тиісті түсініктемелермен бірге бере білуді үйренуі керек. Егер осы бөлім бойынша 7-сыныпта географиялық деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын құру көзделсе, онда 8-сыныпта оқытудың тиісті мақсаттарына қол жеткізу кезінде АКТ-ны кезең-кезеңімен пайдалану көзделеді.
«Литосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта Жер қыртысының құрылымы, ірі геотектуралар қарастырылды. 8-сыныпта Жер бедерінің, тау жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын оқып білу жалғасуда. Бұл бөлімді рельефтің халықтың экономикалық және өмірлік белсенділігіне әсерін бағалау арқылы қорытындылау ұсынылады.
«Атмосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта метеорологиялық құбылыстар, ауа райы және оның элементтері оқылды. 8-сыныпта Жер шарының әртүрлі бөліктеріндегі климаттың ерекшеліктері қарастырылады. Климатты, атмосфераның ғаламдық айналымын қайталау жалғастырылады.
«Гидросфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта әлемдік мұхит және оның бөліктері оқылады. 8-сыныпта бағдарлама бойынша жер беті суларына назар аударады. Осы тақырыпты оқу барысында қазақстандық және өңірлік компоненттерге ерекше назар аудару ұсынылады.
«Биосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта биосфераның, топырақтың құрамы мен құрылымы оқылады. 8-сыныпта табиғи аймақтар мен жердің биіктік белдеулері қарастырылады. Сондай-ақ, оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау қажеттілігін дәлелдей және фауна мен флораны сақтау жолдарын ұсына алады.
Өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша "табиғи-аумақтық кешен" ұғымы, оның қалыптасу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік дәрежелері анықталған болатын.
Жаңа оқу жылында оқушылар географиялық қабықпен планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның жұмыс істеуі мен даму заңдылықтарымен танысады.
«Халық географиясы» бөлімі бойынша 7-сыныпта адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқылады. 8-сыныпта халық саны мен құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу негізінде әлемдегі, Қазақстандағы және өз өлкесіндегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі қарастырылады.
«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар «Табиғи ресурстар» ұғымын, оларды жіктеудің негізгі тәсілдерін, шоғырлану орындарын оқып үйренеді. 8-сыныпта білім алушылар табиғи ресурстарға экономикалық және экологиялық баға береді, орталықтармен және оларды өңдеу технологиясымен танысады, әлемнің жекелеген аумақтарының табиғи- ресурстық әлеуетін анықтайды.
«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта көлік және әлеуметтік инфрақұрылым зерделенді. 8-сыныпта бөлім Сауда және қаржы инфрақұрылымын оқу жалғасады.
«Әлемдік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар әлемдік шаруашылықты (өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы) қарапайым жіктеумен айналысты. 8-сыныпта әлемдік экономиканы өндіруші, өңдеуші секторлар мен қызмет көрсету салаларына неғұрлым егжей-тегжейлі жіктеумен, осы секторлардың қызметін ұйымдастыру нысандарын сипаттаумен, әртүрлі салалардағы кәсіпорындарды орналастыру факторларын талдаумен, жоспар бойынша әлемдік экономиканың негізгі салаларын сипаттаумен айналысу керек.
«Саяси география негіздерімен Елтану» бөлімі бойынша 7-сыныпта білім алушылар әлем елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайын бағалау ерекшеліктерін оқиды. 8-сыныпта әлемнің саяси картасын, оның негізгі объектілері мен олардың ерекшеліктерін, ондағы сандық және сапалық өзгерістерді, әлем елдерінің саяси интеграциясының қажеттілігі мен ерекшеліктерін зерттеуге баса назар аударылады.
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасында өтпелі тақырыптар, оқыту мақсаттары көзделген. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімдерін оқыту мақсаттары өтпелі болып табылады. Оларды түсініп мен дамыту екі рет жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі: бірінші рет – тәуелсіз тақырыптар және бірінші тоқсандағы сабақтар сериясы ретінде, екінші рет-осы тақырыптар контекстінде барлық кейінгі бөлімдерді зерделеу кезінде оларды тікелей мақсаттар ретінде жүзеге асыру.
Оқу тапсырмаларының белгілі бір үлесі оқу бағдарламасы бөлімдерінің өтпелі мақсаттарын іске асыруды көздейді. «Географиялық зерттеу әдістері»,
«Картография және географиялық мәліметтер базасы» оқу бағдарламасының әр бөлімінің оқу мақсаттарын зерттелетін тақырып аясында толықтырады.
Зерттеу және картографиялық дағдыларды қалыптастыруға, дамытуға, әр сабақтың тәжірибеге бағдарлануына бағытталған осы мақсаттар бойынша тапсырмаларды әзірлеуді қарастырған жөн.
сыныпта материктер табиғатының ерекшеліктерін оқыту қарастырылған. Оқытудың стандартты, ақпараттандыратын тәсілінен айырмашылығы, оқытудың белсенді мақсаттары арқылы жаңартылған мазмұнның Типтік оқу бағдарламасы материктерді көбірек қарастыруды талап етеді. Оқушылар әртүрлі дереккөздерді қолдана отырып, салыстыру, талдау, бағалау және синтездеу арқылы әр материктің бірегейлігін анықтайды.
«Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында үлгілік оқу бағдарламасында қазақстандық және өлкетану материалдарын міндетті түрде оқыту көзделген.
сыныпта «Қазақстанның географиясы» оқытылады, онда географиялық зерттеу әдістері, Картография және географиялық деректер базасы бөлімдері мен кіші бөлімдері енгізілген. Географиялық карталар, физикалық география. Литосфера. Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық объектілері. Қазақ оронимдері. Әлеуметтік география. Халық географиясы. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, экономикалық географиясы. Табиғи ресурстар. Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті қарастырылған.
Педагог білім алушылардың танымдық ерекшеліктеріне сәйкес қызықты пән ретінде шығармашылық тапсырмаларды әзірлеу және таңдау мүмкіндігіне ие.
Оқушылардың географиялық ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру маңызды: қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған міндеттерді шешу үшін пайдалану.
Негізгі оқу материалын оқушылар сабақта игеруі керек екеніне назар аударамыз. Қарастырылмаған оқу материалын, оның ішінде географиялық номенклатура объектілерін үйде қарастыруға жол берілмейді. Үй тапсырмасының негізгі функциясы сабақта алынған білім мен дағдыларды бекіту.
«География» оқу пәнінің 7-сыныпқа арналған «Физикалық география» бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы: өлкетану деректер базасын әзірлеу». Осы тақырыптарды зерделеу кезінде өсімдіктер мен жануарлардың қай аймаққа тән екенін зерттеу үшін ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, оларды қорғау шараларын ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, аймақтың мәліметтер базасын құру ұсынылады. Пән бойынша (БЖБ) үшін жиынтық бағалау жүргізуді көздейді. 57-кестеде бөлім үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген.